«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналының өкілдік керек-жарағы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 11-1-4/291 бұйрығы (2025.14.03. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналының өкілдік керек-жарағы туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 11-1-4/291 бұйрығы

(2025.14.03. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2025.27.02. № 11-1-4/107 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 14 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 214-13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2025.27.02. № 11-1-4/107 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 14 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналының өкілдік керек-жарағы туралы ереже бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Валюта-қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Аппаратының басшысына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«Келісілді»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

 

ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2025.27.02. № 11-1-4/107 бұйрығымен ереже жаңа редакцияда (2025 ж. 14 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер Министрі

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.