«Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметі қызметкерлерінің өкілдік керек-жарағы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 11-1-4/291 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2025 жылғы 27 ақпандағы № 11-1-4/107 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметі қызметкерлерінің өкілдік керек-жарағы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 11-1-4/291 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 32784 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналының өкілдік керек-жарағы туралы ережені бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналының өкілдік керек-жарағы туралы ереже бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметі қызметкерлерінің өкілдік керек-жарағы туралы ереже осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Валюта-қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;