«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 68 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 24 қазандағы № 383 бұйрығы

«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 68 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 24 қазандағы № 383 бұйрығы

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы заңы 65-бабы 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 шілдедегі № 345 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14155 болып тіркелген) бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын қалыптастыру қағидаларының 7-1-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 68 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті осы бұйрықты 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министрдің міндетін атқарушы

Ә. Жамауов

 

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

міндетін атқарушының

2024 жылғы 24 қазандағы

№ 383 бұйрығына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2017 жылғы 24 ақпандағы

№ 68 бұйрығымен

бекітілген

 

 

ЖЭК пайдалану объектілерін орналастыру жоспары

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.