Қызметтік тұрғынжай жекешелендіруге жатпайтын әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелердің және өзге де жабық объектілердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 2 наурыздағы № 95 Қаулысы
(2020.01.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 2 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2020.29.04. № 259 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 101-2-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2020.29.04. № 259 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған қызметтік тұрғынжай жекешелендіруге жатпайтын әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелердің және өзге де жабық объектілердің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.