(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ КОДЕКСІ» 2025 ЖЫЛҒ...

Предыдущая страница

5) бюджеттік кредиттеу;

2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

6) «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары.

Бюджеттік инвестициялар - бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға, дербес білім беру ұйымдарының инвестициялық шығындарына, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарына мемлекеттің қатысуына бағытталған республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру.

Бюджеттік инвестициялық жоба - белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын және аяқталған сипаты бар, жаңа объектілерді құруға (салуға) не бұрыннан бар объектілерді реконструкциялауға, сондай-ақ ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға бағытталған іс-шаралар жиынтығы.

Дербес білім беру ұйымдарының инвестициялық шығындарына бағытталған бюджеттік инвестициялар - дербес білім беру ұйымдарының жаңа инфрақұрылым объектілерін құруға (салуға) не бұрыннан бар объектілерін реконструкциялауға бағытталған іс-шаралар жиынтығы.

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялар - жарғылық капиталын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы квазимемлекеттік сектор субъектісінің даму мақсаттарына бағытталған іс-шараларды іске асыру.

3. Мемлекеттік инвестициялық жобалар республикалық және жергілікті болып бөлінеді.

Республикалық және жергілікті мемлекеттік инвестициялық жобаларды айқындау өлшемшарттары:

1) мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыру нәтижесінде алынған мүлікке туындайтын меншік (республикалық немесе коммуналдық) құқығына қарай республикалық немесе жергілікті ретіндегі меншік түрі бойынша өлшемшарт;

2) егер экономикалық пайда алушылар екі және одан көп облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектілері болса - республикалық ретіндегі және егер экономикалық пайда алушылар бір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектілері болса - жергілікті ретіндегі пайда алушылар бойынша өлшемшарт.

Мемлекеттік инвестициялық жобаларды республикалық ретінде айқындау үшін олардың көрсетілген өлшемшарттардың біріне сәйкес болуы жеткілікті.

Жергілікті мемлекеттік инвестициялық жобаларды облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) деп сыныптау осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген өлшемшарттар негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік инвестициялық жобалар:

1) техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей және техникалық жағынан күрделі емес және (немесе) үлгілік болуы мүмкін объектілерді құруға (салуға) және реконструкциялауға, сондай-ақ ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға;

2) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы, мемлекеттік инвестициялық саясаттың іске асырылуын бюджеттік кредиттеу, квазимемлекеттік сектор субъектісіне мемлекеттік кепілдікпен берілген мемлекеттік емес қарыз арқылы, жаңа өндірістер құруды, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуді және (немесе) жаңартуды қоса алғанда, саланы (салаларды) институционалдық тұрғыдан дамытуға бағытталуы мүмкін.

5. Мемлекеттік инвестициялық жобаларды қаржыландыру тәсілдері:

1) бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыру, оның ішінде мемлекеттік сыртқы қарыздардың қаражаты және республикалық бюджеттен сыртқы қарыздарды қоса қаржыландыру есебінен қаржыландыру;

2) бюджеттік кредиттеу;

3) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы;

4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау;

5) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес қарыз тартуы;

2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

6) «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қаржыландыру және орындау.

6. Мемлекеттік инвестициялық жобаларды қаржыландыру көздері мыналар болып табылады:

1) республикалық және жергілікті бюджеттер;

2) үкіметтік қарыз, жергілікті атқарушы органдардың қарыздары және квазимемлекеттік сектор субъектісіне мемлекеттік кепілдікпен берілген мемлекеттік емес қарыз;

3) бюджеттен тыс қор;

4) Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры.

2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Егер Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген «толық бітіріп берілетін» құрылыс туралы ережелерде өзгеше көзделмесе, инвестициялық ұсыныс мемлекеттік инвестициялық жобаны жоспарлауға негіз болып табылады.

Инвестициялық ұсыныс - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру шеңберінде мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың орындылығын негіздейтін, тиісті іс-шаралар жиынтығын қоса алғанда, инвестициялау мақсатын, оған қол жеткізу жолдары мен қаржыландырудың ықтимал тәсілдерін көрсететін, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері әзірлейтін тұжырымдамалық ұсыныс.

8. Мемлекеттік орган инвестициялық жоспарды әзірлейді, ол:

даму жоспарын әзірлейтін мемлекеттік органның даму жоспарына;

мемлекеттік органның даму жоспарын әзірлемейтін мемлекеттік органның бюджеттік бағдарламаларының паспорттарына қоса беріледі.

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың инвестициялық жоспарын әзірлейді, ол облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарына қоса беріледі.

Инвестициялық жоспар:

даму жоспарын әзірлейтін мемлекеттік орган және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары үшін - мемлекеттік органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспары;

даму жоспарын әзірлемейтін мемлекеттік орган үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары немесе функциялар, өкілеттіктер мен құзыреттер негізінде әзірленеді.

Мемлекеттік органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың инвестициялық жоспары даму жоспарының нысаналы индикаторына қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар туралы мынадай ақпаратты қамтиды:

жоба қол жеткізуге бағытталған, даму жоспарының немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжатының нысаналы индикаторы (мемлекеттік органның даму жоспарларын әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері үшін) не тиісті функцияның, өкілеттіктер мен құзыреттердің атауы (мемлекеттік органның даму жоспарларын әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері үшін);

шығыстарға шолу нәтижелері;

облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бөлінісінде (орталық мемлекеттік органдар үшін), облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың құрамына кіретін әкімшілік-аумақтық бірліктер бөлінісінде (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана үшін) әрбір нысаналы индикатор бойынша жасалатын нысаналы индикаторға қол жеткізу үшін басым және проблемалық аймақтар картасы;

мемлекеттік инвестициялық жобалар құжаттамасының экономикалық сараптамасына негізделген, мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асырудан күтілетін экономикалық әсердің болжамды көрсеткіштерін көрсете отырып, мемлекеттік инвестициялық жобалардың болжамды тізбесі.

Осы баптың мақсаттары үшін, белгілі бір нысаналы индикаторға қол жеткізу үшін бір немесе бірнеше мемлекеттік инвестициялық жобаны іске асыруды қамтитын іс-шаралар кешені жоба болып табылады.

Мемлекеттік органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың инвестициялық жоспарына:

алдыңғы қаржы жылдарында басталған (жалғасатын) мемлекеттік инвестициялық жобалар;

аса маңызды объектілер;

жалпы ел үшін маңызы бар жобалар;

Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес қалыптастырылатын құрылыс жобаларының мемлекеттік банкінен техникалық-экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобаларды және жобалық (жобалау-сметалық) құжаттаманы қолдана отырып жүзеге асырылатын жаңа объектілер құрылысы басым тәртіппен қосылады.

Аса маңызды объектілерге:

1) қызметін авариялық тоқтату жаһандық немесе өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайлардың туындауына әкелуі мүмкін объектілер;

2) ұзақ мерзімді перспективада экономикалық өсу орталықтарының әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуын қамтамасыз ететін жалпымемлекеттік инфрақұрылым объектілері жатады.

Жалпы ел үшін маңызы бар жобаларға:

1) кемінде екі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың экономикалық тұрғыдан дамуын қамтамасыз ететін объектілер;

2) белгілі бір саладағы біртекті жобаларды ел ауқымында біржолғы іске асыру жолымен міндеттерді белгіленген мерзімдерде шешуге бағытталған объектілер жатады.

Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган объектілерді аса маңызды объектілерге және жалпы ел үшін маңызы бар жобаларға жатқызу тәртібін айқындайды.

Мемлекеттік органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың инвестициялық жоспарында мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларының нысаналы индикаторларына қол жеткізуге байланысты бюджеттік даму бағдарламаларын (кіші бағдарламаларын) іске асыруға, күрделі шығыстарды, ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралар көрсетіледі.

Мемлекеттік органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың инвестициялық жоспарын әзірлеу кезінде елді мекендер үшін ең төмен стандарттар мен өңірлік стандарттар жүйесі ескеріледі және жобалық басқару қолданылады.

Мемлекеттік органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың инвестициялық жоспары:

бюджет процесінде, оның ішінде мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлауға басымдық беру бойынша әкімшілік және басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қолданылады;

мемлекеттік инвестициялық жобаларды, тиісті құжаттаманы әзірлеуге және сараптамалар жүргізуге негіз болып табылады;

осы Кодекстің 40-бабына сәйкес жарияланады.

Мемлекеттік органның инвестициялық жоспары мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және нысан бойынша әзірленеді.

9. Барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органдардың мемлекеттік инвестициялық жобаларын, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдарының инвестициялық шығындарын қаржыландыруға бағытталған жобаларды қоспағанда, мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

10. Барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органдардың бюджеттік инвестицияларын жоспарлау және іске асыру тәртібін бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органдар айқындайды.

11. Дербес білім беру ұйымдарының инвестициялық шығындарын қаржыландыруға бағытталған бюджеттік инвестицияларды жоспарлау және іске асыру тәртібін бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органмен, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша дербес білім беру ұйымдарының басқару органы айқындайды.

Дербес білім беру ұйымдарының инвестициялық шығындарын қаржыландыруға бағытталған бюджеттік инвестицияларды іске асыру бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мен дербес білім беру ұйымдары арасында азаматтық-құқықтық мәміле жасасу жолымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген конкурстық рәсімдер сақталмай жүзеге асырылады.

Дербес білім беру ұйымдарының инвестициялық шығындарын қаржыландыруға бағытталған бюджеттік инвестицияларды іске асыру кезінде мемлекеттің дербес білім беру ұйымдарының мүлкіне мүліктік құқықтары болмайды.

2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 12-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

12. «Толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру тәртібін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджеттік саясат жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

 

149-бап. Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау

1. Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау төрт кезеңде жүзеге асырылады:

1) инвестициялық ұсыныстарды әзірлеу және сараптама жүргізу;

2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) мемлекеттік инвестициялық жобаның өзіндік ерекшелігіне қарай құжаттамалар әзірлеу және мынадай:

кейіннен техникалық-экономикалық негіздеме және (немесе) жобалау-сметалық құжаттама әзірлене отырып, инвестициялық ұсыныс әзірленетін бюджеттік инвестициялық жоба;

Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес техникалық тапсырма әзірленетін, ақпараттандыру объектілерін құруды және дамытуды көздейтін бюджеттік инвестициялық жоба;

Қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес техникалық-экономикалық негіздемелер әзірленетін, тартылған үкіметтік қарыздар есебінен қаржыландырылатын жобалар;

осы Кодекске сәйкес қаржылық-экономикалық негіздемелер әзірленетін, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялар, қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруын бюджеттік кредиттеу, мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыз бойынша сараптамалар жүргізу;

Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобалар тізбесіне құрылыс жобасын жатқызу жағдайын қоспағанда, «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобасы бойынша инвестициялық ұсыныс және техникалық-экономикалық негіздеме әзірленеді. Қажет болған кезде тапсырыс беруші техникалық-экономикалық негіздеменің орнына техникалық тапсырма әзірлейді және «толық бітіріп берілетін» құрылыстың есептік құнын бекітеді;

3) мемлекеттік инвестициялық жобалар портфелін қалыптастыру;

4) бюджетті жоспарлау сатысында мемлекеттік инвестициялық жобаларды айқындау.

Жаңа объектілерді салуға инвестициялық ұсынысты әзірлеу Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес қалыптастырылатын құрылыс жобаларының мемлекеттік банкінен техникалық-экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобаларды және жобалық (жобалау-сметалық) құжаттаманы қолдана отырып жүзеге асырылады.

2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. Техникалық жағынан күрделі емес, құрылысы үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер және қайта қолдану жобалары бойынша болжанатын жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу талап етілмейді.

Техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуді талап етпейтін жобалардың тізбесін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

1-2. «Толық бітіріп берілетін» құрылыстың есептік құны - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурстық рәсімдерді өткізу және «толық бітіріп берілетін» құрылыс туралы шарттар жасасу үшін жобалау алдындағы кезеңде айқындалатын құрылыс жобасын іске асыру құны. «Толық бітіріп берілетін» құрылыстың есептік құны ғимараттар мен құрылысжайларды салу құнының объектілердің қуат көрсеткішінің өлшем бірлігіне шаққандағы ірілендірілген көрсеткіштері, желілік құрылысжайдың ұзақтығы және ғимараттың, құрылысжайдың функционалдық мақсаты ескерілетін басқа да техникалық сипаттамалар пайдаланылып айқындалады. Қажет болған кезде ғимараттардың (құрылысжайлардың) конструкциялық элементтері мен жұмыс түрлері (кешендері) құнының ірілендірілген көрсеткіштері (оның ішінде ұқсас объектілердің жобалау- сметалық құжаттамасы негізінде құнның ірілендірілген көрсеткіштері) қолданылады.

2. Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды дайындайды, мемлекеттік инвестициялық жобаға экономикалық сараптама жүргізуді қамтамасыз етеді.

Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган мемлекеттік инвестициялық жобаның құжаттамасына экономикалық сараптамаға Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган айқындаған заңды тұлғаны тартады.

3. Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік инвестициялық жобаларға экономикалық сараптамалар негізінде, орталық мемлекеттік органдар және (немесе) жергілікті атқарушы органдар республикалық бюджет қаражаты немесе болашақта республикалық бюджеттің шығыстарына әкелетін мемлекеттің міндеттері мен функцияларын қаржыландырудың басқа да көздері есебінен іске асыратын мемлекеттік инвестициялық жобалардың портфелін қалыптастырады.

Мемлекеттік инвестициялық жобалардың портфелі экономика салалары бөлінісінде қалыптастырылады және:

міндетті түрде мемлекеттік инвестициялық жобаның тиімділік көрсеткіштерін және мемлекеттік инвестициялық жобалардың жүзеге асырылатындығы мен тиімділігі туралы шешімдер қабылдауға қажетті басқа да мәліметтерді қамтиды;

жариялануға жатады.

Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган жалпы ішкі өнім көлеміне салымның болжамды үлесін, бюджет түсімдерінің болжамды өсімін, салаға инвестициялардың болжамды өсімін және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басқа да параметрлерін айқындау жолымен мемлекеттік инвестициялық жобалар портфеліне енгізілген салалық мемлекеттік инвестициялық жобалардың экономиканың дамуына ықтимал әсерін талдауды жүзеге асырады.

4. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган осы баптың 3-тармағына сәйкес қалыптастырылатын мемлекеттік инвестициялық жобалардың портфелі негізінде республикалық бюджет жобасына енгізу үшін мемлекеттік инвестициялық жобаларды айқындауды жүзеге асырады.

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті бюджет жобасына енгізу үшін мемлекеттік инвестициялық жобаларды айқындауды жүзеге асырады.

2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Бюджет жобасына мемлекеттік инвестициялық жобаларды енгізу үшін:

мемлекеттік органның инвестициялық жоспарының құрамында жобалардың;

мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына оң экономикалық қорытындының;

егер Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген «толық бітіріп берілетін» құрылыс туралы ережелерде өзгеше көзделмесе, мемлекеттік инвестициялық жобаның құжаттамасына экономикалық сараптаманың оң қорытындысының;

тиісті бюджет комиссиясының оң ұсынысының болуы негіз болып табылады.

6. Мынадай:

инвестициялық жоспарға енгізілмеген;

республикалық немесе жергілікті бюджетке енгізілмеген мемлекеттік инвестициялық жобалар бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге жол берілмейді.

7. Астананың көлік инфрақұрылымы объектілерін басқару функцияларын жүзеге асыратын квазимемлекеттік сектор субъектісінің жарғылық капиталын бюджет қаражаты есебінен ұлғайту осы Кодекстің 27-тарауында белгіленген шоғырландырылған қаржылық есептілікке сәйкес қарыздарға қызмет көрсетуге және өтеуге арналған шығыстар ескеріле отырып жүзеге асырылады.

8. Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру кезінде мынадай талаптар сақталуға тиіс:

мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың басталуы, қаржыландыру мерзімдері мен көлемдері, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру мерзімдері және оның көлемдері белгіленген тәртіппен бекітілген құжаттамада көрсетілген қаржыландыру мерзімдері мен көлемдеріне сәйкес келуге тиіс;

іске асырылу мерзімі бір жылдан асатын мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың бірінші жылында бюджет жобасына енгізілетін қаржыландыру көлемі белгіленген тәртіппен бекітілген құжаттамада көрсетілген оның құнының үштен бірінен төмен болмауға тиіс;

құрылыс қызметі Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

9. Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын, техникалық-экономикалық негіздемесін, қаржылық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, мемлекеттік инвестициялық жобалар портфелін қалыптастыру және мемлекеттік инвестициялық жобаларды айқындау тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік инвестициялық жобалар саласында бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

10. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган ақпараттандыру объектілерін құруды және дамытуды көздейтін мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау мен іске асыру тәртібін бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.

11. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері осы Кодекстің 41-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

12. Мемлекеттік инвестициялық жобаларға экономикалық сараптаманы жүзеге асыруға айқындалған заңды тұлғалар осы Кодекстің 41-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады және мемлекеттік инвестициялық жобаларға жүргізілген экономикалық сараптамаларының нәтижелері бойынша ақпаратты бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жариялау үшін жібереді.

 

150-бап. Мемлекеттік инвестициялық жобалардың бекітілген (нақтыланған) параметрлерін түзету

1. Мемлекеттік инвестициялық жобалардың бекітілген (нақтыланған) параметрлерін түзету тәртібін:

инвестициялық ұсынысты, техникалық-экономикалық негіздемені және қаржылық-экономикалық негіздемені түзетуге байланысты бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган;

жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге байланысты сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган;

ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту жобалары бойынша техникалық тапсырманы түзетуге байланысты бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

2. Техникалық-экономикалық негіздемені, жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге немесе оған үлгілік жобада көзделмеген қосымша құрамдастарды енгізуге байланысты жергілікті мемлекеттік инвестициялық жобалардың бекітілген (нақтыланған) параметрлерін ұлғайту тиісті жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.

Техникалық-экономикалық негіздемені немесе жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге немесе оған қосымша құрамдастарды енгізуге байланысты, аса маңызды объектілерді немесе жалпы ел үшін маңызы бар жобаларды іске асыруға бағытталған жергілікті мемлекеттік инвестициялық жобалардың бекітілген (нақтыланған) параметрлерін ұлғайтуды Республикалық бюджет комиссиясының ұсынысы бойынша республикалық бюджет есебінен қаржыландыруға жол беріледі.

Егер жергілікті мемлекеттік инвестициялық жобалардың бекітілген (нақтыланған) параметрлерінің сомасын азайту ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасынан аванстық (алдын ала) төлемнің отыз пайыздық мәнінен асып кетуді көздесе, мұндай азайтуға жол берілмейді.

Мемлекеттік инвестициялық жобаларды ағымдағы қаржы жылының төртінші тоқсанында түпкілікті нәтижелер көрсеткіштерін төмендетуді көздейтін түзетуге жол берілмейді.

 

151-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау

1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы - Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнамасына сәйкес шектеулі уақыт кезеңі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипаты бар мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру жөніндегі реттілікпен болатын іс-шаралар жиынтығы.

2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесі шеңберінде жүргізілетін елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесіндегі елді мекендердің типіне (қала, ауыл) және мөлшеріне (халық санына) қарай ең төмен әлеуметтік стандарттарды, инженерлік-коммуникациялық, көліктік инфрақұрылымдардың ең төмен стандарттарын, елді мекендердің объектілер мен көрсетілетін қызметтердің (игіліктердің) ең төмен міндетті деңгейімен қамтамасыз етілуіне мониторинг нәтижелерін міндетті түрде қолдана отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

152-бап. Мемлекеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуына және бюджеттік даму бағдарламаларының паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілуіне мониторинг