«Атырау қаласы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Атырау қаласы әкімінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № 37 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Атырау облысы Атырау қаласы әкімінің 2025 жылғы 20 тамыздағы № 245 шешімі
Атырау қаласының әкімі ШЕШТІ:
1.«Атырау қаласы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Атырау қаласы әкімінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № 37 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4790 болып тіркелген) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес 13, 14, 37, 57, 60, 109, 110, 111, 124, 127, 134-тармақтары жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Атырау қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Кадралиевке жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімінің уақытша міндетін атқарушы | Т. Махуов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Атырау қалалық аумақтық
сайлау комиссиясы
2025 жылғы 20 тамыздағы
№ 245 шешіміне қосымша
Атырау қаласы аумағындағы сайлау учаскелері
| № | Сайлау учаскесінің атауы | Сайлау учаскесінің орналасқан орны | Сайлау учаскелерінің шекаралары |
| 13 | №13 сайлау учаскесі | Атырау қаласы, Авангард-2 шағын ауданы, құрылыс 19А, «Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің»№19 Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты | «Авангард-2» шағын ауданы, № 1, 3, 4, 5, 6, 6в, 10, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 21, 22, 23, 23а, 23б үйлер. Құрманғазы көшесі, №21 |