Ақтөбе облысындағы көші-қон процестерін реттеу Қағидаларын бекіту туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2017 жылғы 14 тамыздағы № 194 шешімі
Осы редакция 2019 жылғы 1 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 296 қаулысымен бекітілген, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Ақтөбе облысындағы көші-қон процестерін реттеу Қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облыстық мәслихатының
2017 жылғы 14 тамыздағы
№ 194 шешімімен
бекітілген
Ақтөбе облысындағы көші-қон процестерін реттеу
Қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ақтөбе облысындағы көші-қон процестерін реттеу Қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 296 қаулысымен бекітілген Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленді және Ақтөбе облысындағы көші-қон процестерін реттеу тәртібін айқындайды.
2. Көші-қон процестерін реттеу:
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.