ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 17 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері министрінің
2016 жылғы 19 мамырдағы
№ 103 бұйрығына 6-қосымша
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің аттестаудан өту кезінде
тестілеуден өту қағидалары мен шарттары, кәсіби жарамдылығын айқындау
жөніндегі нормативтер, сондай-ақ лауазымдарының санаттарына арналған
шекті мәндер
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің аттестаттаудан өту кезінде тестілеуден өту қағидалары мен шарттары, кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтер, сондай-ақ лауазымдарының санаттарына арналған шекті мәндер (бұдан әрі - Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі - Заң) 48-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленген және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің аттестаттаудан өту кезіндегі тестілеуден өту тәртібі мен шарттарын және кәсіби жарамдылығын анықтау бойынша нормативтерді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдарының санаттарына арналған шекті мәндерді айқындайды.
2. Аттестаттау кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерін (бұдан әрі - қызметкерлер) заңнамаларды білуін тестілеу және жеке қасиеттерін бағалау бағдарламалары, кәсіби жарамдылығын айқындау нормативтері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің бұйрығымен бекітілген 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 25 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерді және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішінің есебін айқындау қағидаларымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде болып № 12984 тіркелген) айқындалады.