(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ӨТІНІШ БЕРУШІНІҢ (ЛИЦЕНЗИАТТЫҢ) ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛЫНЫ...

Өтініш берушінің (лицензиаттың) жарғылық капиталының ең аз мөлшері туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 168 Қаулысы

(2013.27.08. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2018 жылғы 29 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2013.27.08. № 212 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Мыналар үшін өтініш берушіге жарғылық капиталының ең аз мөлшері белгіленсін:

1) Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткішінің 800 000 еселік мөлшерінде - ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға;

2) Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткішінің 400 000 еселік мөлшерінде - номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға;

3) Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткішінің 400 000 еселік мөлшерінде - клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға;

4) Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткішінің 300 000 еселік мөлшерінде - ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға;

5) Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткішінің 400 000 еселік мөлшерінде - брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті қоса атқару;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.