Азаматтық қорғау органдарындағы қызметін тоқтатқан қызметкерлерді азаматтық қорғау органдарының кадрынан шығару қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 2 тамыздағы № 371 бұйрығы
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2022 жылғы 18 тамыздағы № 33 бұйрығымен күші жойылды
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 81-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған азаматтық қорғау органдарындағы қызметін тоқтатқан қызметкерлерді азаматтық қорғау органдарының кадрынан шығару қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаментіне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Төтенше
жағдайлар министрінің
2021 жылғы 2 тамыздағы
№ 371 бұйрығымен
бекітілген
Азаматтық қорғау органдарындағы қызметін тоқтатқан қызметкерлерді азаматтық
қорғау органдарының кадрынан шығару
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер