Пробация қызметкерлері пайдаланатын электрондық бақылау құралдарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 17 мамырдағы № 404 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 16-бабы бірінші бөлімінің 1-2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Пробация қызметкерлері пайдаланатын электрондық бақылау құралдарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күннен өткен соң қолданысқа енгізіледі.