«Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шығыс нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 118 бұйрығы

«Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шығыс нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 118 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шығыс нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7613 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 29 мамырдағы № 274-278 (27352) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Елдер бөлінісінде «Болашақ» халықаралық стипендиясының көлемін анықтау үшін шығыс нормаларында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Жол жүру бойынша шығыстар «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалғаннан кейін Қазақстан Республикасында тұратын жерінен академиялық оқу, тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан, тағылымдамадан өту орнына академиялық оқу немесе тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан, тағылымдамадан өту басталуына дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес және кері бағытта тілдік курстар, магистратура алдындағы дайындық, академиялық оқу немесе тағылымдамадан өту аяқталған соң күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей шыққан кезде жүргізімді.

Академиялық оқу 1 (бір) оқу жылынан ұзақ болған жағдайда, жол жүру бойынша шығыстар Қазақстан Республикасында тұратын жерінен оқитын жеріне оқудың әрбір оқу жылы басталуына дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес және кері бағытта оқудың әрбір оқу жылы аяқталған соң күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірілмей жол жүру бойынша жүргізіледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.