Сәйкестендіру құралдарын қолдану ережесі мен оларды дайындауға қойылатын талаптартарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2010 жылғы 27 тамыздағы № 428 бұйрығы
Осы редакция 2016 жылғы 18 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 198-бабының 2-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Сәйкестендіру құралдарын қолдану ережесі мен оларды дайындауға қойылатын талаптар.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (Қ-К.Ж. Кәрбозов) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 шілдеден бастап пайда болған қатынастарға таралады.
Қаржы министрінің
2010 жылғы 27 тамыздағы № 428
бұйрығымен бекітілген
Сәйкестендіру құралдарын қолдану ережесі мен оларды дайындауға
қойылатын талаптар
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже сәйкестендіру құралдарын қолдану тәртібі мен оларды дайындауға қойылатын талаптарды айқындайды.
2. Сәйкестендіру пломбаларды, мөрлерді қою, цифрлық, әріптік және өзге де маркалауды, сәйкестендіру белгілерін салу, мөртаңбаларды қою, сынамалар мен үлгілерді алу, тауарларды егжей-тегжейлі сипаттау, сызбаларды жасау, ауқымды бейнелерді, фотографияларды, иллюстрацияларды жасау, тауарға ілеспе құжаттаманы пайдалану жолымен және өзге де тәсілдермен жүргізіледі.
3. Кедендік мақсаттар үшін сәйкестендіру құралдары ретінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шетел мемлекеттерінің кеден органдары, сондай-ақ тауарларды жөнелтушілер мен тасымалдаушылар салған пломбалар, мөрлер және сәйкестендірудің өзге де құралдары танылады.
4. Кеден органдары сәйкестендіру құралдары ретінде:
1) сәйкестендірудің механикалық құралдарын:
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.