«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің республикалық оқу-әдістемелік кеңесін және кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктер құру және олардың қызметтері туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а 2018 жылғы 12 қазандағы № 562 бұйрығы (2024.06.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің республикалық оқу-әдістемелік кеңесін және кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктер құру және олардың қызметтері туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а 2018 жылғы 12 қазандағы № 562 бұйрығы

(2024.06.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2024.08.08. № 400 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.11.02. № 58 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің республикалық оқу-әдістемелік кеңесі;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктері;

3) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес пәндер циклы және дайындық бөлімдерінде оқыту бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктері құрылсын.

2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің республикалық оқу-әдістемелік кеңесін және кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктерінің қызметтері туралы ереже бекітілсін.

3. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіру жөніндегі шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 16 маусымдағы № 353 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймағамбетовке жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.