(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛ...

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің республикалық оқу-әдістемелік кеңесін және кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктер құру және олардың қызметтері туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а 2018 жылғы 12 қазандағы № 562 бұйрығы

 

Осы редакция 2020 жылғы 11 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 25-2)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің республикалық оқу-әдістемелік кеңесі;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктері құрылсын.

2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің республикалық оқу-әдістемелік кеңесін және кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктерінің қызметтері туралы ереже бекітілсін.

3. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіру жөніндегі шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 16 маусымдағы № 353 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймағамбетовке жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2018 жылғы 12 қазандағы

№ 562 бұйрығына

1-қосымша

 

 

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің республикалық

оқу-әдістемелік кеңесінің құрамы

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.