«Кәсіби бухгалтерлерге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 455 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 8 қыркүйектегі № 932 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Кәсіби бухгалтерлерге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 455 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 5050 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіби бухгалтерлерге қойылатын біліктілік талаптарында:
1-тармақ алынып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жұмыс өтілі бухгалтерлік, экономикалық, қаржылық, аудиторлық, бақылау-тексеру, есеп-талдамалық жұмыс саласында немесе жоғары, орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында бухгалтерлік есеп пен аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызмет саласында кемінде соңғы үш жыл.».