«Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 543 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 4 ақпандағы № 56 бұйрығы

«Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 543 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 4 ақпандағы № 56 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

«Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 543 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7409 болып тіркелген, 2012 жылғы 29 мамырда «Егемен Қазақстан» газетінің № 274-278 (27352) санында жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес балалар музыка мектебінің үлгілік оқу жоспары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес балалар көркемөнер мектебінің үлгілік оқу жоспары;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес балалар өнер мектебінің үлгілік оқу жоспары;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің «Сурет» пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің «Кескiндеме» пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің «Станокты композиция» пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің «Қолданбалы композиция» пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің «Мүсін» пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.