Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 543 бұйрығы
(2019.04.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.20.01. № 48 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.20.01. № 48 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2019.04.02. № 543 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес балалар музыка мектебінің үлгілік оқу жоспары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес балалар көркемөнер мектебінің үлгілік оқу жоспары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес балалар өнер мектебінің үлгілік оқу жоспары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің «Сурет» пәні бойынша білім беру бағдарламасы;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің «Кескiндеме» пәні бойынша білім беру бағдарламасы;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің «Станокты композиция» пәні бойынша білім беру бағдарламасы;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің «Қолданбалы композиция» пәні бойынша білім беру бағдарламасы;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің «Мүсін» пәні бойынша білім беру бағдарламасы;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің «Бейнелеу өнерінің тарихы» пәні бойынша білім беру бағдарламасы;