(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ 2011.29.12 № 543 ...

Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 543 бұйрығы

 

Осы редакция 2016 жылғы 20 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5 бабының 7-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оку жоспарлары мен бағдарламалары бекітілсін.

2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А.Жонтаева):

1) Осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазакстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бакылау вице-министр М.Н. Сарыбековке жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2011 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 543 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу

жоспарлары мен бағдарламалары

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламалары «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және балалар музыка мектептеріндегі, балалар көркемөнер мектептеріндегі және балалар өнер мектептеріндегі балаларға қосымша білім беру бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз етеді.

2. Үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламалар қосымша білім берудің оқу пәндерінің көлемін, оларды оқытуды анықтайды, оқушылардың оқу жүктемесінің көлемін қамтиды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.