(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІНІҢ 29.12.2008 № 625 БҰЙРЫҒЫ

Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы  туралы мәліметтер нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 625 бұйрығы

 

Осы редакция 2015 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 581-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы мәліметтер нысанын бекіту.

2. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген нысан бойынша сұрау салуды жолдаған салық қызметі органына сұрау салуды алғаннан бастап 10 жұмыс күні ішінде ұсынуды қамтамасыз ету.

3. «Әрекетсіз заңды тұлғаға қатысты мәліметтерді беру үшін банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға сұрау салуды жіберу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2005 жылғы 26 қыркүйектегі № 433 Бұйрығының күші жойылды деп тану (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3900 болып тіркелген, 2005 жылдың 22 желтоқсанында № 239(973) «Юридическая газета» газетінде жарияланған).

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

5. Осы бұйрық 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа еңгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы нарығын және қаржы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.