«Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 352 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 178 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 352 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14188 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 2 сәуірдегі
№ 178 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 29 шілдедегі
№ 352 бұйрығымен
бекітілген