Бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсутектер қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 5 желтоқсандағы № 1049 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 537-бабы 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсутектер қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер мөлшерлемелері бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін, бірақ ерте дегенде 2026 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 1049 қаулысымен
бекітілген
Бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға,
мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсутектер қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер
мөлшерлемелері