Ең төмен резервтік талаптардың нормативтерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 2 шілдедегі № 118 Қаулысы
(2025.24.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2025.25.07. № 44 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 24 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының бірінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2025.25.07. № 44 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 24 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. 2026 жылғы 13 сәуірге дейін (қоса алғанда) резервтік активтерді қалыптастыру кезеңінде Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері мен бейрезидент банктерінің филиалдарына (бұдан әрі - банк):
1) банктің ұлттық валютадағы бірінші және екінші санаттағы міндеттемелері үшін 3,5 (үш бүтін оннан бес) пайыз;
2) банктің ұлттық валютадағы үшінші санаттағы міндеттемелері үшін 3,5 (үш бүтін оннан бес) пайыз;
3) банктің шетел валютасындағы бірінші және екінші санаттағы міндеттемелері үшін 10 (он) пайыз;
4) банктің шетел валютасындағы үшінші санаттағы міндеттемелері үшін 10 (он) пайыз мөлшерінде ең төмен резервтік талаптардың нормативтері белгіленсін.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2025.25.07. № 44 Қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. 2026 жылғы 14 сәуір - 2026 жылғы 31 тамыз (қоса алғанда) аралығында резервтік активтерді қалыптастыру кезеңінде банктерге:
1) банктің ұлттық валютадағы бірінші және екінші санаттағы міндеттемелері үшін 5 (бес) пайыз;
2) банктің ұлттық валютадағы үшінші санаттағы міндеттемелері үшін 3,5 (үш бүтін оннан бес) пайыз;
3) бірінші топтағы банктің шетел валютасындағы бірінші және екінші санаттағы міндеттемелері үшін 12 (он екі) пайыз;
4) екінші топтағы банктің шетел валютасындағы бірінші және екінші санаттағы міндеттемелері үшін 15 (он бес) пайыз;