«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына ең төмен резервтік талаптар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 25 шілдедегі № 44 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына ең төмен резервтік талаптар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 25 шілдедегі № 44 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ең төмен резервтік талаптардың нормативтерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 2 шілдедегі № 118 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19012 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының бірінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. 2026 жылғы 13 сәуірге дейін (қоса алғанда) резервтік активтерді қалыптастыру кезеңінде Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері мен бейрезидент банктерінің филиалдарына (бұдан әрі - банк):

1) банктің ұлттық валютадағы бірінші және екінші санаттағы міндеттемелері үшін 3,5 (үш бүтін оннан бес) пайыз;

2) банктің ұлттық валютадағы үшінші санаттағы міндеттемелері үшін 3,5 (үш бүтін оннан бес) пайыз;

3) банктің шетел валютасындағы бірінші және екінші санаттағы міндеттемелері үшін 10 (он) пайыз;

4) банктің шетел валютасындағы үшінші санаттағы міндеттемелері үшін 10 (он) пайыз мөлшерінде ең төмен резервтік талаптардың нормативтері белгіленсін.»;

мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2 тармақтармен толықтырылсын:

«1-1. 2026 жылғы 14 сәуір - 2026 жылғы 31 тамыз (қоса алғанда) аралығында резервтік активтерді қалыптастыру кезеңінде банктерге:

1) банктің ұлттық валютадағы бірінші және екінші санаттағы міндеттемелері үшін 5 (бес) пайыз;

2) банктің ұлттық валютадағы үшінші санаттағы міндеттемелері үшін 3,5 (үш бүтін оннан бес) пайыз;

3) бірінші топтағы банктің шетел валютасындағы бірінші және екінші санаттағы міндеттемелері үшін 12 (он екі) пайыз;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.