«Өнеркәсіп қауіпсіздігінің ұлттық ғылыми-техникалық орталығы» акционерлік қоғамын тарату туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 мамырдағы № 286 Қаулысы
(2018.29.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 3 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 98-бабының 4-тармағына және 178-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Өнеркәсіп қауіпсіздігінің ұлттық ғылыми-техникалық орталығы» акционерлік қоғамы таратылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
4. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.