Сәулет-қала құрылысы кеңесінің үлгілік ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 12 ақпандағы № 54 бұйрығы
Осы редакция 2026 жылғы 16 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 32-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Сәулет-қала құрылысы кеңесінің типтік ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің
2026 жылғы 12 ақпандағы
№ 54 бұйрығына
қосымша
Сәулет-қала құрылысы кеңесі туралы
үлгілік ереже
1. Жалпы ереже
1. Осы Сәулет-қала құрылысы кеңесі туралы үлгілік ереже (бұдан әрі - Үлгілік ереже) Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі 32-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген.