(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҢЫЗДЫ ДӘРІЛІК ЗАТТАР МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ...

Стратегиялық маңызды дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 3 наурыздағы № 35 бұйрығы

 

Осы редакция 2024 жылғы 16 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 104-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес стратегиялық маңызды дәрілік заттардың тізбесі;

1) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес стратегиялық маңызды медициналық бұйымдардың тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау

министрінің м.а.

2023 жылғы 3 наурыздағы

№ 35 бұйрыққа

1-қосымша

 

 

Стратегиялық маңызды дәрілік заттардың

тізбесі

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.