(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНЫҢ ТІБЕСІН ОЛАРДЫҢ КЛАСЫНА СӘЙК...

Теміржол вокзалдарының тібесін олардың класына сәйкес бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 725 бұйрығы

 

Осы редакция 2019 жылғы 5 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-2) тармақшасына БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Теміржол вокзалдарының тізбесі олардың класына сәйкес бекітілсін.

2. «Темір жол вокзалдарының кластарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының 2012 жылғы 13 қарашадағы № 766 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7886 тіркелді, «Егемен Қазақстан» 2013 жылғы 26 қыркүйек, № 16-20 (27959) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Р.Қ. Мағзұмов):

1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдарының интранет-порталында орналастырылуын;

3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Р.В. Склярға жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация

министрінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.