Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін казарма жағдайында және (немесе) карантиндік іс-шараларға қатысқан кезде тамақпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 28 тамыздағы № 373 бұйрығы
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 101-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін казарма жағдайында және (немесе) карантиндік іс-шараларға қатысқан кезде тамақпен қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Төтенше жағдайлар министрі
2025 жылғы 28 тамыздағы
№ 373 бұйрықпен бекітілген
Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін казарма жағдайында
және (немесе) карантиндік іс-шараларға қатысу кезінде тамақпен қамтамасыз ету
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер