(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ Т...

Предыдущая страница

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 13-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

13. Дара кәсіпкер:

1) камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар және салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болмаған кезде - қорытынды жасалған;

2) бұзушылықтар болған және салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болмаған кезде - камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған осындай бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалған;

3) салық берешегі болған кезде және камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар толық көлемінде жойылған жағдайда - салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі өтелген күннен бастап дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылды деп танылады.

Дара кәсіпкерді осы тармақта белгіленген тәртіппен тіркеу есебінен шығару туралы ақпарат дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

Осы баптың 12-тармағында белгіленген мерзімдерде төленбеген салық берешегiнің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болуы дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарудан бас тартуға негіз болып табылады.

Осы тармаққа сәйкес тіркеу есебінен шығарудан бас тартылған дара кәсіпкерлер туралы ақпарат осы баптың 12-тармағында белгіленген төлеу мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

14. 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

15. 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен кодекс 43-1-баппен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

43-1-бап. Дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату

1. Дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату осы Кодекстің 586-бабында белгіленген камералдық бақылау жүргізілмей:

1) салық төлеушінің қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішінің не

2) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініште немесе патент құнының есеп-қисабында қамтылған жазбаша келісімнің негізінде жүзеге асырылады.

2. Қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішті беру кезінде бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:

1) қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын;

2) бірлескен кәсіпкерлік нысанында қызметті жүзеге асырмайтын;

3) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлері бойынша табыстар мен шығыстардың, мүліктің бөлек есепке алынуын қолданатын бірыңғай жер салығын төлеушілер болып табылмайтын;

4) осы Кодекстің 574-бабының 1-тармағында көрсетілген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асырмайтын;

5) тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері негізінде салықтық тексерулер жоспарында жоқ;

6) салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары немесе оралмандар болып табылатын дара кәсіпкерлер қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтатуға жатады.

Осы бап осы Кодекстің 46-бабының 2-тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде, осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) - 5) тармақшаларында айқындалған шарттарға сәйкес келетін дара кәсіпкерлерге қатысты қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш беру күніне немесе осы баптың 5-тармағында белгіленген жағдайлар басталғанға дейін қолданылады.

3. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде дара кәсіпкер өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:

1) қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті;

2) таратудың салық есептілігін;

3) осы Кодекстің 648-бабында белгіленген тәртіппен бақылау-касса машинасын (ол болған кезде) есептен шығару туралы салықтық өтінішті табыс етеді.

Таратудың салық есептілігі қызметті тоқтататын дара кәсіпкер төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.

Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігі табыс етілгеннен кейін басталатын болса, осындай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілетін күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

4. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда оларды төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

Салық органы осы тармаққа сәйкес салық міндеттемесі орындалған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығаруды жүзеге асырады және уәкілетті органның интернет-ресурсында дара кәсіпкердің тіркеу есебінен шығарылғаны туралы ақпаратты орналастырады.

Салық органы:

1) осы баптың 2-тармағында көзделген шарттарға сәйкес келмеген және (немесе) осы баптың 3-тармағының талаптары орындалмаған кезде - қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш берілген күннен бастап үш жүмыс күні ішінде;

2) осы тармақта көзделген талаптар орындалмаған кезде - салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарудан бас тартады және уәкілетті органның интернет-ресурсында ақпаратты орналастырады.

5. Мынадай жағдайларда:

1) патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын және патенттiң қолданылу мерзiмi өткен немесе қызметті тоқтата тұру кезеңі аяқталған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде патент құнының кезекті есеп-қисабын табыс етпеген;

2) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрған және қызметті тоқтата тұру кезеңі аяқталғаннан кейін осы Кодексте белгіленген салық есептілігін табыс ету мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде салық есептілігін табыс етпеген дара кәсіпкерлер осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтатуға жатады.

Осы тармақта көрсетілген жағдайларда дара кәсіпкердің орналасқан жері бойынша салық органы:

осы баптың 2-тармағында көзделген шарттарға сәйкес келген кезде;

салық органында тіркеу есебінде тұрған бақылау-касса машинасы болмаған жағдайда;

осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында белгіленген мерзімдердің біреуі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығаруды жүзеге асырады.

Дара кәсіпкерді осы тармақта белгіленген тәртіппен тіркеу есебінен шығару туралы ақпарат осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында белгіленген мерзімдердің біреуі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

6. Салық төлеуші:

осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде - салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару күнінен;

осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде - соңғы патенттің қолданылу мерзімі өткен (қызметті тоқтата тұру жағдайларын қоспағанда) күннен;

осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде - салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініште көрсетілген қызметті тоқтата тұру кезеңі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған болып танылады.

2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Салық органы осы бапқа сәйкес дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылғаннан кейін талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, дара кәсіпкер ретінде тіркелу кезеңінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша салық міндеттемелерін есептеуді жеке тұлға оларды төлеу жөнінде міндеттемелер туындаған кезде қолданыста болатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргізеді.

 

44-бап. Хабарсыз кеткен деп танылған жеке тұлғаның салық міндеттемесін орындау

1. Жеке тұлғаның салық міндеттемесі ол соттың күшіне енген шешімі негізінде хабарсыз кеткен деп танылған кезден бастап тоқтатыла тұрады.

2. Сот хабарсыз кеткен деп таныған жеке тұлғаның салық берешегін хабарсыз кеткен деп танылған жеке тұлғаның мүлкіне қорғаншылық жасау жөніндегі міндет жүктелген адам өтейді.

3. Егер хабарсыз кеткен деп танылған жеке тұлғаның мүлкі салық берешегін өтеу үшін жеткіліксіз болса, онда оның салық берешегінің өтелмеген бөлігін салық органы мүліктің жеткіліксіздігі туралы сот шешімі негізінде есептен шығарады.

4. Сот адамды хабарсыз кеткен деп тану туралы шешімнің күшін жойған кезде, бұрын салық органы есептен шығарған салық берешегінің күші осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзіміне қарамастан, сот тәртібімен қайта басталады.

 

45-бап. Қайтыс болған жеке тұлғаның салық берешегін өтеу

1. Жеке тұлғаның қайтыс болған күнгі, сондай-ақ оны соттың күшіне енген шешімі негізінде қайтыс болды деп жариялау күнгі жиналып қалған салық берешегін оның мұрагері (мұрагерлері) мұраға қалдырылған мүліктің құны шегінде және мұраны алған күнгі ондағы үлесіне барабар өтейді.

Егер қайтыс болған жеке тұлғаның, сондай-ақ соттың күшіне енген шешімі негізінде қайтыс болды деп жарияланған жеке тұлғаның мүлкі салық берешегін өтеу үшін жеткіліксіз болса, онда салық берешегінің өтелмеген бөлігін салық органы мүліктің жеткіліксіздігі туралы сот шешімі негізінде есептен шығарады.

2. Егер мұрагер (мұрагерлер) кәмелетке толмаған болса, онда жеке тұлғаның қайтыс болған күнгі немесе оны қайтыс болды деп жариялау күнгі жиналып қалған салық берешегін өтеу бойынша міндеттеме соттың күшіне енген шешімі негізінде ғана осындай мұрагерге (мұрагерлерге) мұраға қалдырылған мүліктің құны шегінде және мұраны алған күнгі ондағы үлесіне барабар шекте жүктеледі.

3. Жеке тұлғаның қайтыс болған күнгі немесе оны соттың күшіне енген шешімі негізінде қайтыс болды деп жариялау күнгі жиналып қалған салық берешегі, егер:

1) кәмелетке толмаған мұрагер (мұрагерлер) соттың күшіне енген шешімі негізінде осындай берешекті өтеу жөніндегі салық міндеттемесінен босатылса;

2) мұрагері (мұрагерлері) жоқ болса, өтелген болып саналады.

Сот жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялау туралы шешімнің күшін жойған кезде бұрын салық органы есептен шығарған салық берешегінің күші осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзіміне қарамастан, сот тәртібімен қайта басталады.

2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Осы баптың ережелері қайтыс болған немесе соттың күшіне енген шешімі негізінде қайтыс болған деп жарияланған дара кәсіпкерге де, жекеше нотариусқа да, жеке сот орындаушысына да, адвокатқа да, кәсіби медиаторға да қолданылады.

 

46-бап. Салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қою мерзімі

1. Салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қою мерзімі:

1) салық органы салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасын есепке жазуға немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарауға құқылы;

2) салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігін табыс етуге міндетті, салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, салық есептілігін кері қайтарып алуға құқылы;

3) салық төлеуші (салық агенті) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды талап етуге құқылы;

4) салық органы салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізуге міндетті болатын уақыт кезеңі.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қою мерзімі бес жылды құрайды. Талап қою мерзімінің өтуі, осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті салық кезеңі аяқталғаннан кейін басталады.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша салық органы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылуы аяқталғаннан кейін бес жыл ішінде үстеме пайда салығының, салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасын, сондай-ақ осы Кодекстің 94 және 107-баптарына сәйкес кен орындарын әзірлеу салдарын жоюға арналған шығыстар бойынша шегерімдер бөлігінде корпоративтік табыс салығы және онымен байланысты жиынтық жылдық табысты түзету сомасын есепке жазуға немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарауға құқылы, оларды есептеу әдістемесінде мынадай көрсеткіштердің бірі: рентабельділіктің ішкі нормасы (РІН) немесе пайданың ішкі нормасы немесе R-фактор (табыстылық көрсеткіші) қолданылады.

2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) 

3-1. Осы Кодекстің 17-1-тарауын қолданған кезде инвестициялық басым жобаны іске асыруды көздейтін инвестициялық келісімшарттың қолданылу кезеңі ішінде және осы инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзімі өткен немесе қолданылуы өзгеше тоқтатылған күннен бастап бес жыл ішінде салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомаларын есептеуге, есепке жазуға немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомаларын қайта қарауға салық төлеуші міндетті, ал салық органының құқылы.

Осы тармақтың ережелері қосылған құн салығы және акциз бойынша салық міндеттемесін орындауға қолданылмайды.

2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Жалған кәсiпорын деп танылған салық төлеушiмен жасалған операциялар бойынша немесе жеке кәсiпкерлiк субъектiсiмен іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей жасалған шот-фактура жазу бойынша әрекет (әрекеттер) бойынша салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есептелген сомасын есепке жазуды немесе қайта қарауды салық органы соттың үкiмi немесе қаулысы заңды күшiне енгеннен кейiн салық мiндеттемесi мен талабы бойынша талап қоюдың ескіру мерзiмi шегiнде жүргiзедi.

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 1-тармағында белгіленген қуынымның ескіру мерзімі күнтізбелік бір жылға жетпейтін уақыт ішінде аяқталатын кезең үшін қосымша салық есептілігін табыс еткен жағдайда, көрсетілген қуынымның ескіру мерзімі салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есепке жазу және (немесе) олардың есептелген сомасын қайта қарау бөлігінде күнтізбелік бір жылға ұзартылады.

Салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 1-тармағында белгіленген қуынымның ескіру мерзімі күнтізбелік бір жылға жетпейтін уақыт ішінде аяқталатын кезең үшін залалдарды ауыстыру бөлігінде өзгерістерімен және толықтыруларымен қосымша салық есептілігін табыс еткен жағдайда, көрсетілген қуынымның ескіру мерзімі бюджетке төленетін корпоративтік табыс салығын есепке жазу және (немесе) есептелген сомасын қайта қарау бөлігінде күнтізбелік үш жылға ұзартылады.

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық органдарының есепке жатқызуына және (немесе) қайтаруына жататын салық және бюжетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, өсімпұлдар бойынша есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу үшін талап қою мерзімі осы Кодекстің 548-бабында белгіленген жағдайды қоспағанда, салық кезеңі аяқталғаннан кейін бес жыл болады.

Салық төлеуші осы баптың 2-тармағында көзделген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде ол бойынша қайтару туралы талап ұсынған қосылған құн салығының расталған асып түскен сомасын салық органдары қайтару мақсаттары үшін осы Кодекстің 600-бабында көзделген қайтаруды және (немесе) есепке жатқызуды жүргізуге арналған талап қоюдың ескіру мерзімі қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығы расталған, оның ішінде салықтық тексеру нәтижелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым жасау қорытындылары бойынша расталған салық кезеңі аяқталғаннан кейін бес жылды құрайды.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 

6-1. Осы Кодекстің 133-бабы 1-тармағының 3) тармақшасын қолдану кезінде салық төлеуші, салық органы жеке тұлғаны оқыту кезеңінің ішінде және жеке тұлғаны оқыту аяқталған күннен бастап бес жыл ішінде салық салынатын табысты түзету сомасын, сондай-ақ корпоративтік табыс салығы немесе жеке табыс салығы сомасын қайта қарауға, есептеуге немесе есепке жазуға құқылы.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қою мерзімі салық төлеушінің (салық агентінің) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне, сондай-ақ салық органдары лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау кезеңінде аяқталған жағдайда талап қою мерзімі өтінішті (шағымды) қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешім орындалғанға дейін шағым жасалатын бөлігінде ұзартылады.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

8. Бейрезиденттің бюджеттен табыс салығын немесе халықаралық шарт негізінде шартты банк салымын қайтаруға арналған салықтық өтінішін қарау немесе бейрезиденттің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджеттен табыс салығын немесе халықаралық шарт негізінде шартты банк салымын қайтаруға арналған салықтық өтінішін қарау нәтижелері бойынша салық органы шығарған шешімге шағымын қарау немесе бейрезиденттің осы тармақта көрсетілген салық органының шешіміне шағымын қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган шығарған шешімге бейрезиденттің шағымын қарау кезеңінде салық мiндеттемесi мен талабы бойынша талап қою мерзiмi өткен жағдайда, талап қою мерзімі өтінішті (шағымды) қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешім орындалғанға дейін ұзартылады.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

9. Уәкілетті органның осы Кодекстің 226-бабына сәйкес өзара келісім рәсімін жүргізу кезеңінде салық мiндеттемесi мен талабы бойынша талап қою мерзiмi өткен жағдайда, талап қою мерзімі шет мемлекеттің уәкілетті органы және (немесе) құзыретті органы өзара келісу рәсімінің қорытындылары бойынша қабылдаған шешім орындалғанға дейін ұзартылады.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 

10. Салықтық тексеру жүргізу уақытында Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес сауалдар жолдаған жағдайда, салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген, есепке жазылған сомаларын қайта қарау бөлігінде талап қою мерзімі сауалдар жолдау және олар бойынша құжаттар және (немесе) ақпарат алу кезеңіне тоқтатыла тұрады.

Бұл ретте салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген, есепке жазылған сомаларын қайта қарау бөлігінде жалпы талап қою мерзімі оның тоқтатыла тұрғанын ескергенде жеті жылдан аспауға тиіс.

 

 

 

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6-тарау. Салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiнiң өзгертiлуi.

 Салық мiндеттемесiн тоқтату негiздерi

 

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 47-бап өзгертілді; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 47-бап жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

47-бап. Жалпы ережелер

Салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді (немесе) өсiмпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту:

1) салықтарды және (немесе) өсiмпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін салық төлеушінің өтініші негізінде осы Кодекстің 47-1 - 51, 52 және 53-баптарында айқындалатын тәртіппен;

2) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсiмпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін осы Кодекстің 51-1 және 52-баптарында айқындалатын тәртіппен;

3) қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін осы Кодекстің 51-2-бабында айқындалатын тәртіппен;

4) импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін осы Кодекстің 51-3-бабында айқындалатын тәртіппен өзгерту арқылы жүргізіледі.

Егер осы тарауда өзгеше белгіленбесе, салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту салық төлеушіні осы Кодекстің 610-бабына сәйкес салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын уақтылы төлемегені үшін өсімпұлдарды төлеуден босатпайды.

 «Салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту» мемлекеттiк қызмет стандартын қараңыз

 

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен кодекс 47-1-баппен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

47-1-бап. Салықтарды және (немесе) өсiмпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін салық төлеушінің өтініші негізінде өзгерту