(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ КОДЕКСІ» 2008 ЖЫЛҒ...

Предыдущая страница

2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 12-2-тармақпен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 12-2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12-2. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымға нысаналы аударымға бағытталған бюджеттік бағдарлама бойынша бюджеттік өтінімге есептеулер мен негіздемелерді Қазақстан Республикасының Үкіметіне және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган ұсынады.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13-тармақ жаңа редакцияда

13. Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

 

2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 67-1-баппен толықтырылды

67-1-бап. Азаматтық бюджет

Республикалық және жергілікті бюджеттердің негізгі ережелерін ашатын, бұқаралық ақпарат құралдарында жұртшылыққа қолжетімді нысанда жарияланатын ақпарат азаматтық бюджет болып табылады.

Бюджеттік жоспарлау және бюджеттерді атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау мен ұсыну тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

 

245-бапқа сәйкес 68-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 68-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 68-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.15.04. № 89-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 68-бап өзгертілді; 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 68-бап жаңа редакцияда; 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 68-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

68-бап. Мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларын немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді қарау

2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік органдардың даму жоспарларының мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалау нәтижелерін ескере отырып:

1) мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларын немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын олардың Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарына сәйкестігі, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарының мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізуді қамтамасыз ету, нысаналы индикаторларға қол жеткізу дәрежесі, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер етуі тұрғысынан;

2) мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын нәтижелердің көрсеткіштерін таңдаудың дұрыстығы, бюджеттік бағдарламалар нәтижелері көрсеткіштерінің мемлекеттік органның даму жоспарының нысаналы индикаторларымен өзара байланысының болуы, нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізу дәрежесі тұрғысынан қарайды.

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларын немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын қарау нәтижелері бойынша қорытындылар қалыптастырады және ағымдағы қаржы жылының 15 сәуірінен кешіктірмей бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына шығару үшін және бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жібереді.

Мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобалары немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобалары бойынша қорытындының нысанын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

Мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларын немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Республикалық бюджеттік комиссияның ұсыныстарын ескере отырып пысықтайды және осы Кодекстің 66-бабының 1-тармағына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға енгізеді.

2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуын талдау нәтижелерін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың даму жоспарларының мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалау нәтижелерін ескере отырып:

1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы заттай нормаларға және бюджеттік бағдарламалардың жобаларына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың түрлері бойынша есептеу кезінде бағдар ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бағаларының дерекқоры да пайдаланылады;

2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларының көрсеткіштерін олардың мемлекеттік органның даму жоспарының мақсаттарымен және нысаналы индикаторларымен өзара байланысы тұрғысынан;

2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларының көрсеткіштерін олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган осы тармақта көрсетілген материалдарды қарау қорытындысы бойынша бюджеттік өтінімдер және бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады.

Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бюджеттік бағдарламалар жобалары бойынша қорытындылары мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобалары немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобалары бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындылары және Республикалық бюджеттік комиссияның ұсыныстары ескеріле отырып қалыптастырылады.

Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына бюджеттік өтінімдер, бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылар енгізеді.

2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2-1. Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының бюджеттік өтінімі бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға қарау үшін жіберіледі, ол оған қорытынды дайындайды және өзгерістер енгізбей республикалық бюджеттің жобасына енгізеді.

2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуын талдаудың және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалаудың нәтижелерін ескере отырып:

2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының нысаналы индикаторларына, бюджеттік бағдарламалар жобаларына және қолданыстағы заттай нормаларға сәйкес келуі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде, сондай-ақ әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлері бойынша есептеу кезінде бағдар ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге белгіленген бағалар дерекқоры пайдаланылады;

2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары нәтижелер көрсеткіштерін таңдаудың дұрыстығы, нәтижелер көрсеткіштерінің облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының мақсаттарымен, нысаналы индикаторларымен өзара байланыстылығы, нәтижелер көрсеткіштеріне қолжетімділік дәрежесі тұрғысынан, сондай-ақ олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін, бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындылары бойынша бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды тиісті бюджет комиссиясының қарауына жібереді.

2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджет комиссиялары қарайтын, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары арасындағы келіспеушіліктерді қоспағанда, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және (немесе) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган арасындағы келіспеушіліктерді тиісті бюджет комиссиясы қарайды. Тиісті бюджет комиссиясы осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген материалдарды қарайды және олар бойынша ұсыныстар әзірлейді.

2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды

4-1. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды іске асыруға арналған шығыстар қаржылық-экономикалық негіздемеде айқындалған бюджеттік инвестицияларды іске асыру мерзімдеріне сәйкес бюджет жобасына қосылады.

2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 4-2-тармақпен толықтырылды

4-2. Ұлттық жобаларды іске асыруға арналған шығыстар ұлттық жобалар іс-шараларының басымдықтары ескеріле отырып және бюджет жүйесінің қағидаттары сақтала отырып, бюджет жобасына қосылады.

2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді

5. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес:

бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға пысықталған бюджеттік бағдарламалардың жобалары мен бюджеттік өтінімдерді;

мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға пысықталған мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларын немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын ұсынады.

2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарына ұсынатын, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қоспағанда, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тиісті бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес тиісінше бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға пысықталған бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді ұсынады.

 

69-бап. Заттай нормалар

1. Заттай нормалар — қажетті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді тұтынудың немесе пайдаланудың заттай көрсеткіштері.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Заттай нормаларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік органдар әзірлейді және бекітеді.

Заттай нормаларды әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Орталық мемлекеттік органдар заттай нормаларды бекіту, өзгерту және (немесе) толықтыру туралы Республикалық бюджет комиссиясының қарауына ұсыныстар енгізеді.

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қолданыстағы заттай нормаларға ағымдағы қаржы жылы ішінде бір реттен асырмай өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.

 

70-бап. Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуінен түсетін ақша

ҚР 2009.11.12. № 229-ІV Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Білім беру, дене шынықтыру және спорт, сұрыптарды сынақтан өткізу, ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету, суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін мониторингтеу және бағалау, ветеринария, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларының, Қарулы Күштердің спорт, мәдениет, әуежай қызметі салаларында, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету саласында маманданатын, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету саласындағы мемлекеттік мекемелері, сондай-ақ мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік музейлер, музей-қорықтар және мемлекеттік архивтер өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында кіріс келтіретін қызметті жүзеге асыруға құқық берілген мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті бюджеттің есебіне жатқызылуға жатады.

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда

2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау тәртібін тиісті саланың (аяның) орталық мемлекеттік органы әзірлейді және бекітеді.

 

2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен 70-1-баппен толықтырылды

70-1-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерв

1. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерв Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын және Қазақстан Республикасы Президентінің басқа да бастамаларын қаржыландыру үшін жоспарлы кезеңнің бірінші жылына арналған республикалық бюджеттің құрамында қалыптастырылады.

2. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерв кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет шығыстарының жоспарланған көлемінің екі пайызына дейінгі мөлшерде жоспарланады.

3. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерв бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әкімшілендіретін жеке бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша көзделеді.

4. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті бөлу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

245-бапқа сәйкес 71-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді

2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 71-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

71-бап. Республикалық бюджет туралы заңның жобасын әзірлеу

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет жобасын жасайды және оны Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

2. Республикалық бюджет жобасының түпкілікті нұсқасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 1 тамызынан кешіктірілмей аяқталады.

2012.23.11. № 55-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының мәтінінде:

кірістердің, трансферттер түсімдерінің, шығындардың, таза бюджеттік кредиттеудің, қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдоның, бюджет тапшылығының (профицитінің), мұнайға қатысты емес тапшылығының (профицитінің), тапшылығын қаржыландырудың (профицитті пайдаланудың) көлемдері;

жалақының, зейнетақының ең төменгі мөлшері, айлық есептік көрсеткіштің, ең төменгі күнкөріс деңгейінің және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері;

әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленуге жататын, мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналарының мөлшері;

жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін арттыру мөлшерлері;

жергілікті бюджеттерден республикалық бюджетке бюджеттік алып қоюдың көлемі;

республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі;

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансферт көлемі;

Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің мөлшері;

Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервтің мөлшері;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктер беру лимиті;

экспортты қолдау бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерін беру лимиті;

мемлекет кепілгерлігін беру лимиті;

үкіметтік борыш лимиті;

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiнiң лимитi;

басқа да ережелер қамтылуға тиіс.

4. Республикалық бюджет туралы заңның жобасына:

2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) осы Кодексте және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша жекелеген қосымшалармен қалыптастырылған, жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджеттің жобасы қоса беріледі.

Бұл ретте түсімдер санаттар, сыныптар және кіші сыныптар бойынша баяндалады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады. «Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)» бөлімі жалпы сомамен ұсынылады.

Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған шығыстарда базалық шығыстар - функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады, ал жаңа бастамалардың шығыстары бір бюджеттік бағдарламамен көрсетіледі;

Жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша қосымшалар бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығының (профицитінің) ақшалай мәндегі мөлшерін қамтиды;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін кезекті қаржы жылына арналған түсімдердің көлемі;

2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын кезекті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесі;

2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды

3-1) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының түсімдері мен шығыстарының болжамы;

4) басқа да деректер қоса беріледі.

2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Республикалық бюджет туралы заң жобасының мәтінінде кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің бекітілетін тапшылығының (профицитінің) және мұнайға қатысты емес тапшылығының (профицитінің) мөлшері ақшалай мәнде және жалпы ішкі өнімге пайызбен көрсетіледі.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редакцияда

6. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылының 15 тамызынан кешіктірмей республикалық бюджет туралы заң жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарауға ұсынады.

 

72-бап. Облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу

1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері жобасының түпкілікті нұсқасын жасайды және оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік комиссиясының қарауына енгізеді.

2. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері жобасының түпкілікті нұсқасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 15 қыркүйегінен кешіктірілмей аяқталады.

3. Кезекті қаржы жылына арналған облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері туралы шешім жобасының мәтінінде:

1) бюджет кірістерінің, трансферттер түсімдерінің, шығындардың, таза бюджеттік кредиттеудің, қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдоның, бюджет тапшылығының (профицитінің), тапшылығын қаржыландырудың (профицитін пайдаланудың) көлемі;

2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) облыстық бюджеттен аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемдері;

2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерден облыстық бюджетке бюджеттік алып қоюлардың көлемдері;

4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы резервінің мөлшері;

5) басқа да ережелер қамтылуға тиіс.

4. Облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері туралы шешімнің жобасына:

1) осы Кодексте және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша жекелеген қосымшалармен қалыптастырылған, жоспарлы кезеңге арналған облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің жобасы қоса беріледі.

Бұл ретте түсімдер санаттар, сыныптар және кіші сыныптар бойынша баяндалады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады. «Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)» бөлімі жалпы сомамен ұсынылады.