«Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 528 Қаулысы (2024.06.02. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті бөлу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 528 Қаулысы

(2024.06.02. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 3 шілдедегі № 505 Қаулысымен күші жойылды

 

ҚР Үкіметінің 2024.24.01. № 30 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 6 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 70-1-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті бөлу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2021 жылғы 5 тамыздағы

№ 528 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті бөлу

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті бөлу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 70-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті бөлу тәртібін айқындайды.

2. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерв Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын және Қазақстан Республикасы Президентінің басқа да бастамаларын қаржыландыру үшін жоспарлы кезеңнің бірінші жылына арналған республикалық бюджеттің құрамында қалыптастырылады.

3. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерв кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет шығыстарының жоспарланған көлемінің екі пайызына дейінгі мөлшерде жоспарланады.

4. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерв бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әкімшілендіретін жеке бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша көзделеді.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.