«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 922 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 877 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 372 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 922 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасында:
«1. Бағдарламаның паспорты» деген бөлімде:
«Қаржыландырудың көздері мен көлемі» деген жолда:
мына:
«
*Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық бюджетті бекіткен кезде нақтыланады;
**осы қаражат тұрғын үйдің сатылуына қарай ЖАО-ның бағалы қағаздарын сатып алу арқылы кредиттік тұрғын үй салуға жұмсалады.»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
*Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық бюджетті бекіткен кезде нақтыланады;
**осы қаражат тұрғын үйдің сатылуынан түскен қаржат түсуіне қарай бағытталатын болады.»;