(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР К...

Білім беру саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 17 бұйрығы

 

Осы редакция 2019 жылғы 25 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Білім беру саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (З.Ж. Оразалиева):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4) Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.

5) Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

А. Сәрінжіпов

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және әлеуметтік

даму министрі

2015 жылғы «___» ____________

Т.Б. Дүйсенова

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2015 жылғы 19 қаңтардағы

№ 17 бұйрығымен бекітілген

 

 

Білім беру саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

стандарты

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Білім беру саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі - Стандарт) «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

2. Осы Стандарт білім беру ұйымдарында (бұдан әрі - ұйымдар):

1) жетім балаға (жетім балаларға) - ата-анасының екеуі де немесе жалғыз ата-анасы қайтыс болған балаға (балаларға);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.