Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 Қаулысы
(2025.20.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2026 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарына сәйкес 2022 жылғы 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 15-тармағының 248), 249) және 250) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.