«Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 70 Қаулысы (күші жойылды)

«Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 70 Қаулысы

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 257 Қаулысымен 2019 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4602 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың актілер жинағында 2007 жылғы, «Заң газеті» газетінде 2007 жылғы 25 сәуірде № 62 (1091) жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесінде:

мынадай мазмұндағы 10-2 және 10-3-тармақтармен толықтырылсын:

«10-2. Ипотекалық қарыздарды Ереженің 10-3-тармағында көзделген талаптар бойынша қайта қаржыландырылған кезде, жаңа кредиттік досье ашу талап етілмейді, бұл ретте қолданыстағы кредиттік досьеге мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) қарыз алушы (тең қарыз алушы) қол қойған және банктің кіріс құжаттамасын тіркеуді жүзеге асыратын бөлімшесінде тіркелген, ипотекалық қарызды қайта қаржыландыру туралы нұсқауы бар қайта қаржыландыруға өтініш;

2) қарыз алушының (тең қарыз алушының), қарыз алушының (тең қарыз алушының) зайыбының (жұбайының) жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасымен салыстырып тексерілген, ол туралы белгісі бар көшірмесі;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.