«Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 693 бұйрығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 693 бұйрығы

 

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 4 тамыздағы № 289 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау қағидасын бекіту туралы» (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 7728 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 8 тамызда № 256-257 (27075-27076) жарияланған) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 144-ө бұйрығына:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау қағидаларында:

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Тікелей және жанама өлшемдері орындауға арналған ағындар мен парниктік газдар шығарындыларының өлшемін орындау әдістемелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы ұлттық стандартты мен халықаралық стандартына сәйкес келеді.»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Ағындарды статистикалық есепке алу мына негізде жүзеге асырылады:

1) Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарын пайдалану;

2) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы «Техникалық реттеу туралы» Заңының 23-бабына сәйкес ұйымдардың стандарттарын әзірлеу және бекіту.»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.