Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 32/4 шешімі
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы |
В. Бубенко |
мәслихатының
2025 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 32/4 шешіміне
қосымша
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастарының тізбесін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 50/4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6840 болып тіркелген).
2. «Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 50/4 «2021-2023 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 17 наурыздағы № 3/6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7193 болып тіркелген).
3. «Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 50/4 «2021-2023 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 28 маусымдағы № 5/4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23476 болып тіркелген).