Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құруы қағидасын бекіту туралы және «Күзет қызметін, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезіндегі қызметті қоспағанда, күзет дабылы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оларды жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 тамыздағы № 686 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 тамыздағы № 909 Қаулысы
(2012.09.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 21 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңының 17-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құруы қағидасы бекітілсін.
2. ҚР Үкіметінің 2012.09.11. № 1421 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. Осы қаулы 2012 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.