«Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 маусымдағы № А-7/296 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № А-5/168 Қаулысы
Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 21 ақпандағы № А-2/82 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі заңдарына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015жылғы 25 маусымдағы № А-7/296 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4915 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Н.Ж. Нұркеновке жүктелсін.
3. Осы облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | С. Кулагин |
2016 жылғы 15 сәуірдегі
№ А-5/168 қаулысына
қосымша
Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 25 маусымдағы
№ А-7/296 қаулысымен бекітілді
«Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелері