7) жергілікті атқарушы органның заңнамалық актілерде көзделмеген жағдайларда жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы шешім қабылдауы;
8) жергілікті атқарушы органның жер учаскелерін жер заңнамасында көзделген нормадан артық көлемде жеке меншікке тегін беру туралы шешім қабылдауы, сондай-ақ қайталап тегін беруі;
9) жергілікті атқарушы органның уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын жер заңнамасында көзделмеген мақсаттарда немесе мерзімде беру туралы шешім қабылдауы;
2023.15.03. № 208-VІІ ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) жергілікті атқарушы органның шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына, халықаралық ұйымдарға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға, қандастарға, сондай-ақ шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен некеде тұрған (ерлі-зайыпты) Қазақстан Республикасының азаматтарына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жеке меншік құқығын немесе жер пайдалану құқығын беру туралы шешім қабылдауы;
2023.15.03. № 208-VІІ ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
10-1) жергілікті атқарушы органның, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарда көрсетілген, жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға халық мұқтажын қанағаттандыру үшін қажетті жайылымдарға жеке меншік құқығын немесе жер пайдалану құқығын беру туралы шешім қабылдауы;
2023.15.03. № 208-VІІ ҚР Заңымен 10-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
10-2) жергілікті атқарушы органның, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің халықтың мұқтажына пайдаланылатын және соған арналған, оның ішінде облыстық және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдық елді мекендер шекаралары шегіндегі шабындық алқаптар алып жатқан жер учаскелерін азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың бөлек меншігіне және жер пайдалануына беру туралы шешім қабылдауы;
11) жергілікті атқарушы органның өзінің құзыретіне кірмейтін, жер учаскелеріне құқықтар беру туралы шешім қабылдауы;
12) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті қарау мерзімін бұзу;
13) 2023.15.03. № 208-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 27 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2023.15.03. № 208-VІІ ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (2023 ж. 27 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14) жерге орналастыру жобасын бекіту мерзімдерін бұзу;
2023.15.03. № 208-VІІ ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 27 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15) жер учаскесін сатып алу-сату шарттарын, жалға алу және уақытша өтеусіз жер пайдалану шарттарын жасасу мерзімдерін бұзу;
2023.15.03. № 208-VІІ ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
16) шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстарды және жер учаскелерін беруді немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын беруді сауда-саттықта (аукциондарда) жүзеге асыру қажеттігі себебіне байланысты осындай беруден бас тартылғаннан кейін оларды беру жөніндегі сауда-саттықты (аукциондарды) өткізбеу немесе уақтылы өткізбеу;
2023.15.03. № 208-VІІ ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
17) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жер пайдалану құқығын иеліктен шығару кезінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартын қайта ресімдеу мерзімдерін бұзу;
2023.15.03. № 208-VІІ ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
18) бос жер учаскелері мен жоспарланып отырған сауда-саттық (аукциондар) жөніндегі ақпаратты мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында, жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында және халыққа қолжетімді жерлердегі арнаулы ақпараттық стендтерде орналастыру және жаңарту мерзімдерін бұзу түрінде жасалған бұзушылықтар, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
лауазымды адамдарға алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
138-бап. Арнаулы белгiлердi жою
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жер учаскелерi шекараларының межелiк белгiлерiн жою -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - үш, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.15.03. № 208-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 27 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.09.04. № 181-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Су объектілері мен су ресурстарын байқайтын мемлекеттік пункттерді, арнаулы ақпараттық белгілерді және ортақ су пайдалануға шектеулер мен тыйым салу белгілерін, орман қорындағы орман орналастыру немесе орман шаруашылығы белгілерін, маркшейдерлік, геодезиялық пункттер мен белгілерді жою немесе бүлдіру -
жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жеті жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
139-бап. Жер қойнауына мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу
2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Жерасты суларын қоспағанда, жер қойнауын заңсыз пайдалану, жер қойнауына мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда бұзатын мәмiлелер жасау -
жер қойнауының ресурстарына келтірілген залал сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған мүлік, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықты жасау кезінде пайдаланылған құралдар мен заттар тәркілене отырып, жер қойнауының ресурстарына келтірілген залал сомасының екі жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе. Осы бапта көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде жер қойнауының ресурстарына келтірілген залал деп жер қойнауының заңсыз алып қойылған ресурстарының нарықтық құны танылады.
140-бап. 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2025.09.04. № 181-VIII ҚР Заңымен 141-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
141-бап. Су қорына мемлекеттік меншік құқығын бұзу
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.09.04. № 181-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Су объектілерін заңсыз басып алу, су пайдалану құқығын басқаға беру, сондай-ақ су қорына мемлекеттік меншік құқығын тікелей немесе жасырын нысанда бұзатын басқа да мәмілелерді жасау -
жеке тұлғаларға - бір жүз елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.09.04. № 181-VIII ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Арнаулы су пайдалануды рұқсатсыз жүзеге асыру, су ресурстарын нысаналы пайдаланбау, су пайдаланудың рұқсат етілген көлемдерінен асыру, бекітілген су режимін және арнаулы су пайдаланудың басқа да шарттарын сақтамау -
жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне сегіз жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2025.09.04. № 181-VIII ҚР Заңымен 3-бөлікпен толықтырылды (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - төрт жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алты жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
142-бап. Орманға мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу
Орман қоры учаскелерiн сатып алу-сату, сыйға тарту, кепiлге беру, заңсыз иелену және айырбастау, сондай-ақ орманға мемлекеттiк меншiк құқығын бұзатын орман пайдалануды жүзеге асыру құқығын заңсыз басқаға беру -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға - жиырма бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
143-бап. Жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiне мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу
1. Жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалану құқығын заңсыз басқаға беру, сондай-ақ жануарлар дүниесiне мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сол сияқты қорықтар мен басқа да ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы пайдаланылуына рұқсат алу талап етiлетiн жануарлар дүниесi объектiлерiн заңсыз пайдалану -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға - жиырма бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2023.03.01. № 187-VІІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Өсімдіктер дүниесін пайдалану құқығын заңсыз басқаға беру, сондай-ақ өсiмдiктер дүниесiне мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сол сияқты пайдаланылуына рұқсат алу немесе хабарлама жіберу талап етiлетiн өсімдіктер дүниесін заңсыз пайдалану -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
144-бап. 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.26.12. № 289-VІ ҚР Заңымен 145-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
145-бап. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамасын бұзу
Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамасын:
1) қорғау міндеттемелерінде жазылған тарих және мәдениет ескерткішін күтіп-ұстау шарттарын бұзушылықтар;
2) монументті өнер құрылыстарын орнату қағидаларын бұзушылықтар;
3) тарих және мәдениет ескерткішінің заңсыз орнын ауыстыру және оны өзгерту;
4) аумақтарды игеру кезінде жер учаскелері бөліп берілгенге дейін тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау бойынша археологиялық жұмыстарды жүргізбеу;
5) тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталып тұруына қатер төндіруі мүмкін жұмыстарды жүргізу;
6) тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтары шегінде жерді пайдалану режимін бұзушылықтар;
7) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу шарттарын және археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру шарттарын бұзушылықтар түрінде жасалған бұзу -
жүргізіліп жатқан жұмыстарды тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
146-бап. Егістіктердің немесе екпелердің үстімен жүру
Механикалық көлік құралымен, жегін көлікпен егістіктердің немесе екпелердің үстімен жүру -
ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
147-бап. Егістіктерді, маяларды таптау, ауыл шаруашылығы дақылдарының алқапта жиналған астығын бүлдіру немесе жою, екпелерді зақымдау
1. Ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан, ауыл шаруашылығы ұйымдарының, шаруа немесе фермер қожалықтарының, жеке қосалқы шаруашылықтардың егістіктерін, маяларын малдың немесе құстың таптауы, ауыл шаруашылығы дақылдарының алқапта жиналған астығын бүлдіру немесе жою не екпелерін зақымдау -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол әрекеттер -
жеке тұлғаларға - қырық, лауазымды адамдарға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2023.03.01. № 187-VІІ ҚР Заңымен 147-1-баппен толықтырылды (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
147-1-бап. Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру
2024.05.07. № 112-VІІІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2024 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бестен жиырма тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
2024.05.07. № 112-VІІІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2024 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
жиырмадан отыз тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
2024.05.07. № 112-VІІІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (2024 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адам жасаған әрекет -
алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 148-бап өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
148-бап. Мемлекеттiк заттай гранттарды қайтару мерзiмдерiн бұзу
Мемлекеттiк заттай гранттардың Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасында белгiленген қайтару мерзiмдерiн бұзу -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 149-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
149-бап. Террористік тұрғыдан осал объектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамау және (немесе) тиісінше орындамау
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Террористік тұрғыдан осал объекті меншік иесінің, иеленушісінің, басшысының немесе өзге де лауазымды тұлғасының не террористік тұрғыдан осал объект бойынша күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектісінің объектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамауы және (немесе) тиісінше орындамауы -
жеке тұлғаларға немесе лауазымды адамдарға - бір жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) -
үш айға дейінгі мерзімге қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға немесе лауазымды адамдарға - екі жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - үш жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2022.12.07. № 140-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 95-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 150-бап өзгертілді
150-бап. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданың қызметiн жарнамалау
Қаржылық (инвестициялық) пирамида қызметiнiң жарнамасын шығару, тарату және орналастыру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
үш айға дейiнгi мерзiмге масс-медианың шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға - бiр жүз елу, лауазымды адамдарға - бiр жүз жетпіс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2022.30.12. № 180-VІІ ҚР Заңымен 14-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14-тарау. Кәсіпкерлік қызмет, сондай-ақ оңалту, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
151-бап. Шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге әкету немесе жөнелту қағидаларын бұзу
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Шикiзатты, азық-түлiк, өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге әкету немесе жөнелту қағидаларын бұзу -
жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
шикізат немесе тауарлар тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
152-бап. 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Кәсiпкерлiк қызметтiң тыйым салынған түрлерiмен айналысу, егер бұл іс-әрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрсе не iрi мөлшерде кіріс алумен немесе акцизделетiн тауарларды едәуiр мөлшерде өндiрумен, сақтаумен, тасымалдаумен не өткiзумен ұштасқан болса, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - келтiрiлген залал сомасының, алынған кіріс сомасының және заңсыз кәсiпкерлiк нәтижесiнде алынған акцизделетiн тауарлар құнының - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпелер.
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Кодекстiң 153 және 155-баптарында азаматқа екі мың айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада келтiрiлген залал, не ұйымға немесе мемлекетке он мың айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада келтiрiлген залал - iрi залал деп танылады.
2. Осы Кодекстiң 153 және 155-баптарында сомасы он мың айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын кіріс - iрi мөлшердегi кіріс деп танылады.
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы бапта құны екі мың айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын тауарлар саны - едәуiр мөлшер деп танылады.
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 154-бап өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
154-бап. Қазақстан Республикасының заңдарында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салу белгiленген адамның осындай қызметпен айналысуы
Қазақстан Республикасының заңдарында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салу белгiленген адамның осындай қызметпен айналысуы -
әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасау заттары және (немесе) құралдары және (немесе) құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістер (дивидендтер), ақша, бағалы қағаздар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабының 4-тармағына мынадай түсіндірмеде сәйкес келеді деп Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 13 маусымдағы № 19-НҚ нормативтік қаулысымен танылды:
«осы бапта көзделген әрекетті жасағаны үшін әкімшілік жауаптылық кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға тыйым салу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда туындайды»
155-бап. Заңсыз банктік қызмет
Азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрген не iрi мөлшерде кіріс алумен ұштасқан, банктік қызметті (банк операцияларын) тiркеусіз немесе рұқсат (лицензия) алу мiндеттi болған жағдайларда мұндай арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) жүзеге асыру, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - келтірілген залал сомасының, заңсыз қызмет нәтижесінде алынған кіріс сомасының - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
156-бап. Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасының талаптарын бұзу
2019.03.01. № 213-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасының талаптарын:
1) фильмге прокаттау куәлігінсіз Қазақстан Республикасының аумағында фильмдерді прокаттау;
2) көрермендерге фильмнің жас санаты туралы белгiленген тәртіппен ақпарат бермеу;
3) «18+» және «21+» жас санаттары бар фильмдерді прокаттау кезінде белгіленген уақытты сақтамау;
4) фильмдерді көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың Фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне фильмдер бойынша ақпарат бермеуі және (немесе) бұрмаланған ақпарат беруі;
5) мәдени құндылықтарды уақытша әкету тәртібі мен шарттарын сақтамау;
6) ұлттық кітапханаларға және Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына басылымның міндетті тегін данасын бермеу түрінде жасалған бұзушылық -
ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2018.02.07. № 170-VІ ҚР Заңымен 156-1-баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
156-1-бап. Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасын:
1) мерзiмдi баспа басылымдарын жас санаты белгісінсіз тарату;
2) «18 жастан бастап» жас санатына жатқызылған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімді телерадио хабарлары арқылы тарату кезінде белгіленген уақытты сақтамау;
3) теле-, радиобағдарлама басталғанда, сондай-ақ ол бөлінгеннен кейін әрбір қайта басталған кезде жас санаты белгісін көрсетпей немесе жас санатын хабарламай ақпараттық өнімді телерадио бағдарламалары арқылы тарату түрінде жасалған бұзушылық -