Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру обьектісін пайдалана отырып, электрондық нысанда аукцион өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2020 жылғы 30 шілдедегі № 269 бұйрығы
(2026.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Энергетика министрінің 2022.29.12. № 439 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Энергетика министрінің 2022.29.12. № 439 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 99-бабының 5-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Энергетика министрінің 2022.29.12. № 439 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісін пайдалана отырып, электрондық нысанда аукцион өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.