«Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісін пайдалана отырып, электрондық нысанда аукцион өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 269 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 19 наурыздағы № 127-н/қ бұйрығы

«Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісін пайдалана отырып, электрондық нысанда аукцион өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 269 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 19 наурыздағы № 127-н/қ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісін пайдалана отырып, электрондық нысанда аукцион өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 шілдедегі № 269 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімнде № 21038 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Осы бұйрықпен бекітілген Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісін пайдалана отырып, электрондық нысанда аукцион өткізу қағидаларында:

2-тармағында:

1) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

«1) аз зерттелген аумақтар деп шегінде шектеулі өңірлік геологиялық зерттеулер жүргізілмеген немесе жүргізіліп, олардың нәтижелері бойынша перспективалы шөгінді бассейндер анықталмаған аумақтар танылады;»;

мынадай редакциядағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) аукцион залы - аукцион өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісінің бөлімі;»;

11 және 12-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

«11. Аукцион өткізуге арналған өтініш құзыретті органға келіп түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде, ал аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесі бойынша аукцион өткізуге арналған өтініш құзыретті органға келіп түскен күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.