«Топыраққа агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу үшін жер учаскелеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 267 және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-6/285 бірлескен бұйрығы

Топыраққа агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу үшін жер учаскелеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 267 және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-6/285 бірлескен бұйрығы

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 65-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Қоса беріліп отырған Топыраққа агрохимиялық зерттеп-қарауды жүргізу үшін жер учаскелеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;

3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне және жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бірлескен бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мамытбеков

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

міндетін атқарушы

М. Құсайынов

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы 30 наурыздағы

№ 4-6/285 және

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

міндетін атқарушының

2015 жылғы 27 наурыздағы

№ 267 бірлескен бұйрығымен

бекітілген

 

 

Топыраққа агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу үшін жер
учаскелеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.