«Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін беру және оның қолданысының күшін жою бойынша сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 29 қазандағы № 545 бұйрығы

Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін беру және оның қолданысының күшін жою бойынша сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 29 қазандағы № 545 бұйрығы

 

«Өнеркәсіп саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 41-5) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін беру және оның қолданысының күшін жою бойынша сараптаманы жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіптік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Өнеркәсіп және құрылыс министрінің

міндетін атқарушы

 

 

И. Шархан

 

Қазақстан Республикасы

Өнеркәсіп және құрылыс

министрінің міндетін

атқарушы

2026 жылғы 29 қазандағы

№ 545 бұйрыққа қосымша

 

 

Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығу тегі туралы

 сараптама актісін беру және оның қолданысының күшін жою бойынша сараптама жүргізу

 қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін беру және оның қолданысының күшін жою бойынша сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Өнеркәсіп саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 41-5) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.