Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 29 сәуірдегі № 255 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10401 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларында:
1-қосымшаның «Техникалық қадағалау журналының есепке алу парағы» деген 5-нысан осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2) «Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10795 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырдағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларында:
10-тармақтың 3) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жобалауға арналған тапсырманы (мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде құрылысқа мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыланатын объектілердің жобалауға арналған тапсырмасында халықаралық міндеттерді ескере отырып, қазақстандық өндіретін құрылыс материалдарын, жабдықтарын, бұйымдары мен конструкцияларын қолдану міндетті талап болып табылады);»;