Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 22 маусымдағы № 321 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексі 53-бабының 2-тармағына және 54-бабының 1-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде инжинирингтік қызметтер көрсету қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттiгiнің
Ұлттық статистика бюросы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 22 маусымдағы
№ 321 бұйрығына
1-қосымша
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде инжинирингтік қызметтер көрсету
қағидалары
1-Тарау. Жалпы ережелер