(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2015.03.03 № 105 ҚАУЛЫСЫ

«Бурабай даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 105 Қаулысы

 

Осы редакция 2015 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Бурабай даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрi - серіктестік) құрылсын.

2. Серіктестік қызметінің негізгі мәні Щучинск-Бурабай курорттық аймағының аумағындағы Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының объектілерін ұстау және пайдалану болып белгіленсін.

3. Серіктестіктің жарғылық капиталы осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық мүлік есебінен қалыптастырылсын.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасымен бірлесіп (келісім бойынша), заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) серіктестік жарғысын бекітуді және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасына серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығын беруді;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2015 жылғы 3 наурыздағы

№ 105 қаулысына

қосымша

 

 

«Бурабай даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің

жарғылық капиталын төлеуге берілетін мүліктің

тізбесі

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.