«Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 57 Қаулысы (күші жойылды)

Предыдущая страница

1) әлемнің елдеріндегі COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тәулік бойғы мониторингін;

 2) күн сайын сағат 19-00-ге дейін Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне, денсаулық сақтау басқармаларына және облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттеріне санаттар бөлігінде COVID-19-бен сырқаттанушылық бойынша қолайсыз елдердің тізбесін ұсынуды;

3) COVID-19 тіркелген елдердің тізбесін және республикадағы COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты сайтқа күн сайын орналастыруды;

4) Денсаулық сақтау министрлігіне және Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне апта сайын жұма күні ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдайдың дамуының жаңартылған болжамын, күн сайын әрбір 3 сағат сайын - COVID-19-бен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдарды (жақын және ықтимал байланыс) анықтау және мониторингілеу бойынша ақпаратты ұсынуды;

5) әрбір тіркелген жағдай туралы бір сағат ішінде Денсаулық сақтау министрі мен Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетін ақпараттандыра отырып, ҚР шекарасынан өткен адамдар санына, COVID-19 расталған жағдайларына және байланыста болған адамдарға мониторинг жүргізуді және мониторинг деректерін күн сайын кемінде 2 рет ұсынуды;

6) «шиеленіс ошағын» және байланыста болған адамдардың орналасуын көрсете отырып, республика аумағындағы эпидемиологиялық жағдайды визуалдауды;

7) зертханалық зерттеулер алгоритміне сәйкес өткен айдағы 20 оң үлгіні қайта тестілеуден өткізуді;

8) халықаралық ұсынымдарға сәйкес (ДДҰ, CDC) COVID-19 диагностикасы әдістері бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ҰСО) филиалының зертхана мамандарына әдіснамалық көмек көрсетуді;

9) COVID-19-ды ПТР тестілеу алдында биоматериал үлгілерін инактивациялау алгоритмін әзірлеуді. Әзірленген алгоритмге COVID-19 диагностикасын жүзеге асыратын зертханалардың мамандарын оқытуды;

10) 8(7172) 768043 нөмірі бойынша Call-орталықтың тәулік бойы жұмыс істеуін;

11) ДДҰ байланыс пункті арқылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен тұрақты өзара іс-қимылды (аптасына 7 күн 24 сағат) қамтамасыз етсін;

12) күн сайын сағат 8-00-ге қарай Денсаулық сақтау министрлігі мен Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне тіркелген COVID-19 (U07.1 COVID-19 коронавирустық инфекциясы (Вирус сәйкестендірілмеген), U07.2 COVID-19 коронавирустық инфекциясы ауруы (Вирус сәйкестендірілмеген) жағдайларының және өлім-жітімнің саны туралы статистикалық мәліметтерді өткен тәулікте және өсу ретімен өңірлер бөлінісінде ұсынуды қамтамасыз етсін.

16. «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны:

1) науқастарды және байланыста болған адамдарды, сондай-ақ тиісті аумақтың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері айқындайтын өзге де адамдарды COVID-19-ға зертханалық тексеруді мынадай басымдылықпен: COVID-19-ға күдікті науқастар; ЖРВИ және пневмониямен ауыратын науқастар; COVID-19-бен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдар; жоспарлы және шұғыл ауруханаға жатқызылатын адамдар; Қазақстан Республикасына шетелден келген адамдар; өзге де адамдарды зертханалық тексеруді;

2) COVID-19-бен ауыратын науқастар ауруханаға жатқызылағаннан кейін ошақтарын дезинфекциялық өңдеуді;

3) COVID-19-бен ауыратын науқастардан үлгілерді алуға арналған зертханалық шығыс материалдарының, шығыс материалдарының, тест-жүйелердің, полимеразды-тізбекті реакция, вирусологиялық зерттеулер, молекулярлық-генетикалық зерттеулер жүргізу үшін диагностикумдардың азаймайтын қорын;

4) COVID-19-ға күдік туындаған жағдайда ДДҰ ұсынымдарына сәйкес COVID-19 диагностикасы әдістері бойынша зертханалардың мамандарына әдіснамалық көмек көрсетуді;

5) COVID-19-ға күдікті науқас тіркелген жағдайда COVID-19-бен ауыратын науқастардан материал алу және тасымалдау, COVID-19-ға күдікті науқастарды тасымалдау, COVID-19-ға күдікті науқастардың ошақтарында дезинфекциялық іс-шаралар жүргізу кезінде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіпті сақтауды;

6) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес қызметкерлерді ЖҚҚ-мен жеткілікті мөлшерде;

 7) COVID-19-ды зерттеуге арналған материалдың үлгілерін өтініштің мақсаты (өздігінен жүгіну, әкеліну, профилактикалық тексеру (скрининг) және т. б.) көрсетілген ілеспе құжатпен қабылдауды қамтамасыз етсін.

17. «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» (бұдан әрі - ҚДСҰО), «М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» (бұдан әрі - АҚИҰҒО) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындары Орталық референс-зертхананың COVID-19-ға зерттеулер жүргізу үшін сынамалар қабылдауға дайындығын қамтамасыз етсін.

18. ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының вирустық инфекцияларды бақылау жөніндегі референс зертханасы COVID-19 жаңа коронавирустық инфекциясын бақылау жөніндегі референс зертхана ретінде уақытша айқындалсын.

19. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша), Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің басшылары:

1) InfoKazakhstan.kz сайынан электрондық форматта берілетін Санитариялық нормаларға сәйкестік актісінің негізінде объектілердің қызметін қайта бастауды;

2) қоғамдық мониторинг мүмкіндігі үшін объектінің кіреберісінде Санитариялық нормаларға сәйкестік актісін көзге көрнетін жерге орналастыруды;

3) шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен танысу үшін InfoKazakhstan.kz сайтында жұмысы туралы халықты, жеке және заңды тұлғаларды хабардар етуді;

4) бұзушылықтарды жою үшін кәсіпкерлердің уақтылы шаралар қабылдауы мақсатында шағымдарды және карантин режимін бұзу фактілерін орналастыру үшін InfoKazakhstan. kz сайтты пайдалануды;

5) шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді жүзеге асыратын инспекторлардың, аудиторлық ұйымдардың тізімін InfoKazakhstan.kz сайтына орналастыруды;

6) InfoKazakhstan.kz сайтындағы объектінің паспортына келушілердің үй-жайлардың жоспарланған толтырылуы туралы мәліметтерді кәсіпкерлік субъектісінің енгізуін (шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіндегі объектілердің қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес, осы қаулыға қосымшаларда айқындалатын 1 адамға белгіленген алаң ескеріле отырып айқындалады және енгізіледі);

7) «InfoKazakhstan» электрондық порталының жұмысы іске қосылғаннан кейін, объектілер белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде бизнес объектілерінің қызметін қайта бастауға арналған актіні электрондық беруді қамтамасыз етсін.

20. Карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешімді қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты тиісті аумақтың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын басшылары қабылдайды.

Карантиндік шараларды жеңілдету туралы шешімді қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қабылдайды.

21. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының қарамағындағы объектілерде және бекітілген контингент арасында карантиндік шараларды қатаңдату/жеңілдету туралы шешімді қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ведомствосы қабылдайды.

22. Осы қаулыға 42-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

23. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

24. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері

 

Е. Қиясов

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2020 жылғы 23 қазандағы

№ 57 қаулысына

1-қосымша

 

Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде мемлекеттік органдарға (ұйымдарға), ұлттық компанияларға, бизнес-орталықтарына және басқа да кеңселерге қойылатын талаптар

 

 

I. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде мемлекеттік органдарға (ұйымдарға), ұлттық компанияларға,

басқа да кеңселерге қойылатын талаптар

 

1. Әкімшілік персонал өндірістік қажеттілікке байланысты жұмыс күнін барынша қысқарта отырып, қашықтықтан жұмыс нысанына ауыстырылады.

2. Объектіге кіреберісте қызметкерлер мен келушілердің жіті респираторлық аурулардың (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі) белгілері жоқ адамдарды объектіге жіберумен байланыссыз термометрия жүргізу ұйымдастырылады.

3. Объектілерде қоса беріліп отырған нұсқаулыққа сәйкес кварц, бактерицидті шамдарды немесе бактерицидты әсері бар ауа рециркуляторларын (бұдан әрі - ауа рециркулятор) пайдалана отырып, ауаны зарарсыздандыру ұсынылады. Кварц, бактерицидті шамдарды пайдалану ережелерді қатаң сақтаған кезде, үй-жайларды міндетті түрде желдетумен адамдар болмаған кезде жүзеге асырылады. Ауа рециркуляторларын пайдалану (адамдардың қатысуымен пайдалануға рұқсат етіледі)

4. Объектінің үй-жайларына мынадай адамдар жіберілмейді:

1) COVID-19 расталған жағдайларымен байланыста болған адамдар;

2) қызметкерлерді қоса алғанда, жіті респираторлық аурулар (жоғары қызба, жөтел, мұрынның бітелуі) белгілері бар адамдар.

5. Объектінің үй-жайларына маскасыз кіруге жол берілмейді. Ғимаратта міндетті түрде маска киген келушілердің болуы қамтамасыз етіледі.

6. Кіреберісте, холлда, лифтіге кіреберісте, санитариялық тораптарда тері антисептигі бар санитайзерлер орнатылады.

7. Органның (ұйымның) әкімшілігі:

1) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жауапты адамды тағайындауды (температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау);

2) санитариялық тораптар жеке гигиена құралдарымен (сұйық сабын, антисептиктер);

3) жұмыс күні ішінде қолғаптарды, маскаларды/респираторларды оларды уақтылы ауыстыру шартымен пайдалануды;

4) қызметкерлер бір үй-жайда бір-бірінен кемінде 2 метр қашықтықта болатын жағдайларды (әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып);

5) антисептиктермен жұмыс орындарын;

6) қызметкерлер арасында жеке/өндірістік гигиена қағидаларын сақтау және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау қажеттілігі туралы нұсқама жүргізуді қамтамасыз етеді.

8. Объектілердің аумағы және барлық үй-жайлар таза ұсталады, күн сайын қоқыстан және ластан тазартылады.

9. Барлық үй-жайларды жинау жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күн сайын ылғалды тәсілмен және желдетумен жүргізіледі.

10. Асхана, буфет және дәретханалар күн сайын дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып жиналады.

11. Жиһаз, терезе алды, шкафтар, есік тұтқалары, компьютер клавиатурасы (көбінесе қолмен жанасатын орындар) кемінде 2 рет дезинфекциялау құралымен сүртіледі.

12. Дезинфекциялау жүргізу үшін Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында тіркелген және белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерінің бірыңғай тізіліміне енгізілген құралдар қолданылады.

13. Дезинфекциялак үшін вирусқа қарсы тиімділігі бар құралдар қолданылады.

14. Дезинфекциялау құралдары вирустық инфекциялар кезінде дезинфекциялау режимі көрсетілген оларға қоса берілетін нұсқаулықтарды қатаң сақтаған кезде қолданылады.

15. Үй-жайлар мен жабдықтардың жекелеген түрлерін (тамақтанатын үстелдер, ыдыс-аяқ, панельдер, есіктер, терезелер, еден) жуу және өңдеу үшін жеке шүберек көзделеді.

16. Дезинфекциялау құралдарының жұмыс ерітінділерін дайындау арнайы бөлінген орында жүзеге асырылады. Дезинфекциялау құралдары өнім берушінің ыдысында (қаптамасында) заттың атауы, оның мақсаты, заттаңбадағы жарамдылық мерзімі көрсетіле отырып сақталады. Ыдыстың заттаңбасы дезинфекциялау құралын сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңінде сақталады.

17. Дезинфекциялау құралдарын бөгде адамдарға беру және оларды қараусыз қалдыру жүзеге асырылмайды.

18. Бетін дезинфекциялау үшін бір рет қолданылатын сулықтарды (үстелдер, есік тұтқалары, кушеткалар) кейіннен жабылатын қақпағы бар қоқыс контейнеріне кәдеге жарату арқылы қолданған керек.

19. Техникалық персонал (тазалаушы әйелдер) дезинфекциялауды жеке қорғаныш құралдарын: халат, қолғап, медициналық маскані пайдалана отырып жүргізеді.

20. Денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдар дезинфекциялық құралдармен жұмыс істейді.

21. Жинау мүкәммалын (шелектер, щеткалар, шүберектер) пайдаланғаннан кейін жақсы жуады және арнайы бөлінген орындарда сақтайды.

 

 

II. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіндегі бизнес-орталықтар қызметінің алгоритмі

 

1. Бизнес-орталықтардың әкімшілігі жалға алушылардың, саудагерлердің жұмыс шарттарымен infokazakhstan.kz сайтында міндетті түрде танысады және тиісті келісімге қол қояды.

2. Кіреберістегі дене температурасын бақылауды (ресепшн, күзет пункті, өту орны) объектінің қызметкері барлық қолжетімді кіреберістерде жүзеге асырады.

3. Бизнес-орталықтардың аумағына маскасыз кіруге және онда болуға жол берілмейді.

4. Объектіні күзету қызметі, әкімшілік өкілі және еріктілік қызмет келушілердің, қызметкерлердің маскаларды міндетті түрде киюін және олардың әлеуметтік қашықтықты сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді.

5. Сауда жасаушылар мен бизнес-орталықтардың қызметкерлері медициналық немесе матадан тігілген маска, қолғап киеді.

6. Объекті әкімшілігі әлеуметтік қашықтықты сақтау мүмкіндігі есебінен (1 адамға 4 шаршы метрден кем емес) жалпы сыйымдылықтың 30% - на келушілермен объектінің толтырылуын қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің келісімі бойынша тиісті аумақтың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің шешімімен сырқаттанушылық тұрақты төмендеген және жағдай тұрақтанған кезде объектінің жалпы сыйымдылықтағы келушілермен толтырылуы ұлғайтылуы мүмкін.

7. Объекті әкімшілігі әрбір үй-жайда (кеңседе) келушілердің бір жолғы рұқсат етілген саны туралы ақпарат беруге міндетті. Ақпарат әрбір үй-жайға кіреберісте көзге көрінетін қолжетімді жерде орналасуы тиіс.

8. Кеңселердің қызметкерлері (жалға алушылар) әлеуметтік қашықтықты сақтау мүмкіндігі есебінен (1 адамға 4 шаршы метрден кем емес) өз үй-жайларында әлеуметтік қашықтықты сақтауды қамтамасыз етуге міндетті.

9. Санитариялық шараларды сақтау қажеттілігі туралы радио арқылы (60 минутта кемінде 1 рет) айтылады.

10. 500 шаршы метрден асатын объектілер үшін кіреберістерде санитайзерлік рамкалар (дезинфекциялық тоннельдер) орнату міндетті.

11. Объектінің меншік иесі мыналарды қамтамасыз етуі қажет:

1) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жауапты адамды анықтау (температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғану құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау);

2) әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету және келушілердің қозғалысын бағыттау үшін еден таңбаларын, қоршаулар мен тосқауыл ленталарын орнату, адамдар жиналуы мүмкін жерлерге жол бермеу;

3) кіреберісте, холлдарда, дәліздерде әрбір 50-100 метр сайын, лифтілерге, санитариялық тораптарға кіреберісте, сондай-ақ әрбір үй-жайда тері антисептигі бар санитайзерлерді орнату;

4) кварц шамдарын пайдалану кезінде олардың мүлтіксіз сақталуына жеке/өндірістік гигиена және бақылау ережелерін сақтау қажеттілігі, қауіпсіздік шаралары туралы қызметкерлер арасында нұсқама жүргізу;

5) санитариялық тораптарды жеке гигиена құралдарымен қамтамасыз ету (сұйық сабын, антисептиктер, дәретхана қағазы);

6) халыққа ауысымда кемінде екі рет және бүтіндігі бұзылған кезде ауыстыруға жататын маска, бір рет қолданылатын қолғаппен және қолды антисептиктермен өңдеумен (келушілермен тікелей байланысы бар қызметкерлер) қызмет көрсету;

7) іргелес аумақты таза ұстау, қоқысты уақтылы шығару, аптасына 1 рет «санитариялық» күн өткізу;

8) одан әрі кәдеге жарату үшін таңбаланған контейнерлерде (полиэтилен қаптар) пайдаланылған маскалар мен қолғаптарды орталықтандырылған жинау;

9) желдету режимінің сақталуын қамтамасыз ете отырып, бизнес орталықтардың, сауда үйлерінің, жеке тұрған сауда үй-жайларының ішінде профилактикалық тексеру (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауа баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі;

10) ірі объектілерде қоса беріліп отырған нұсқаулыққа сәйкес ауаны кварц, бактерицидті шамдарды немесе рециркуляторларды пайдалана отырып зарарсыздандыру ұсынылады. Кварц шамдарын пайдалану қағидалар қатаң сақталған кезде, адамдар болмаған кезде, үй-жайларды міндетті түрде желдете отырып жүзеге асырылады. Ауа рециркуляторларын адамдардың қатысуымен пайдалануға рұқсат етіледі.

 Ауданы 50 шаршы метрден кем жабық үй-жайларда ауаны кварц, бактерицидті шамдарды немесе ауа рециркуляторларын пайдалана отырып зарарсыздандыру міндетті;

11) техникалық персоналдың (тазалаушының) жеке қорғаныш құралдарын (қолғап, медициналық маска) пайдалана отырып, арнайы киімде дезинфекциялау жүргізуі;

12) арнайы бөлінген орындарда пайдаланғаннан кейін жинау мүкәммалын (шелектер, щеткалар, шүберектер) тиісінше сақтау;

13) өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды, есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, сүйеніштерді, жанасатын беттерін (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), жалпы пайдалану орындарын (киім ілетін орындар, тамақ ішу, демалу бөлмелері, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, күніне кемінде 2 рет вирулицидтік әсер ететін құралдармен дезинфекциялай отырып, ылғалды жинауды жүргізу;

14) үй-жайларды жинау, қызметкерлердің қолдарын өңдеу, тыныс алу органдарының ЖҚҚ үшін дезинфекциялық және жуу құралдарының азаймайтын (кемінде бес күндік) қорының болуы;

15) денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдарды дезинфекциялау құралдарымен жұмысқа жіберу;

16) дезинфекциялау құралдарын дайындаушының қаптамасында, балалардың қолы жетпейтін, арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғыланған жерде тығыз жабылған күйде сақтауды қамтамасыз етуі қажет. Дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу және кездейсоқ улану кезіндегі алғашқы көмек кезіндегі сақтық шаралары әрбір нақты дезинфекциялау құралы үшін оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда жазылған.»;

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2020 жылғы 23 қазандағы

№ 57 қаулысына

2-қосымша

 

Медицина қызметкерлерінің СOVID-19-ды жұқтыруын болдырмау

мақсатында денсаулық сақтау ұйымдарын аймаққа бөлу және жұмыс режимі

 

1-бөлім. Инфекциялық және провизорлық стационарларды аймаққа бөлу және жұмыс режимі.

 

І. Инфекциялық және провизорлық стационарларда инфекциялық қауіптілікті ескере отырып, «лас» және «таза» аймақтарға бөлу:

1. Инфекциялық және провизорлық стационарларда стационарды «таза» және «лас» аймақтарға қатаң бөлуді қамтамасыз ету қажет.

2. «Таза» аймаққа мыналар жатады:

1) медицина қызметкерлеріне арналған кіру тобы, сыртқы киімге арналған гардероб, кіретін жерде «лас» аймаққа дейінгі және шығатын жерде «лас» аймақтан кейінгі санитариялық өткізгіш, осы блоктардағы қосалқы үй-жайлар;

2) ординатор, мейіргер, бөлімше меңгерушісі кабинеттері, аға мейіргер, шаруашылық бикелері және басқа да персонал кабинеттері, санитариялық торап, олардың шаруашылық үй-жайлары. Бұл ретте оларға кіретін жер жеке қорғаныш құралдарын (бұдан әрі - ЖҚҚ) шешуге арналған шлюз және душ арқылы болуы тиіс;

3) әкімшілік кабинеттері және басқа да әкімшілік үй-жайлар;

4) көшеден кіретін жері бар және «лас» аймақтың ішінде шығатын жер жоқ техникалық үй-жайлар;

3. «Лас» аймаққа осы қосымшаның 2-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, стационардың қалған барлық үй-жайлары жатады.

4. Санөткізгіштерді 2 ағымға бөле отырып пайдалануды қамтамасыз ету қажет:

1) ауысымға кіретін жерде «таза» аймақтан «лас» аймаққа;

2) ауысымнан шығатын жерде «лас» аймақтан «таза» аймаққа қамтамасыз ету қажет.

3) бұл ретте ағымдар қиылыспауы тиіс.

4) «таза» аймақтың құрамында шешінетін бөлме, ЖҚҚ беретін бөлме, сан. торап болуы тиіс.

5) «лас» аймақта ЖҚҚ-ны шешу бөлмесі, ЖҚҚ жинау бөлмесі, душ кабиналары және сан.тораптардың жеткілікті саны болуы тиіс.

5. Бөлімшенің «лас» аймағынан персоналдың демалу және жұмыс істеу (құжаттармен, компьютермен жұмыс істеу) үй-жайларын алып тастау қажет.

6. Медициналық ақпараттық жүйелердегі жұмыс, кәсіби мәселелерді талқылау, құжаттармен жұмыс істеу, демалу, тамақтану және сусындар ішу және т. б. тек осы қосымшаға 2-тармақта көрсетілген «таза» үй-жайларда ғана жүргізіледі.

Аталған «таза» үй-жайлар бөлімшенің ішінде немесе оларға тікелей жақын жерде болуы тиіс.

7. Пациенттердің, сондай-ақ персоналдың пайдаланылған ЖҚҚ-мен таза аймақтың үй-жайларына кіруіне және онда болуына үзілді-кесілді тыйым салынады.

8. Персонал «таза» және «лас» аймақтар арасында орын ауыстыру санын ескере отырып, стационарда ЖҚҚ мен дезинфекциялау құралдарының жеткілікті санымен қамтамасыз етілуі тиіс.

 9. Лас аймақтағы персонал 3 сағаттан артық емес үздіксіз жұмыс істеуі тиіс, кейіннен таза аймаққа шығу және қажет болған жағдайда жұмыс ауысымы ішінде лас аймаққа қайта кіреді. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес ЖҚҚ пайдаланылады.

10. Әкімшілік, техникалық және қосалқы персонал ЖҚҚ-сыз «лас» аймақтарға жіберілмейді.

11. Тікелей бөлімшеде «таза» және «лас» аймақтарды құру мүмкіндігі болмаған жағдайда мынадай нұсқаға жол беріледі:

1) инфекциялық стационарда бір бөлімшені персоналға арналған «таза» аймақ ретінде қайта бейіндеу;

2) «таза» аймаққа кіреберісте «таза» және «лас» ағымдарға бөле отырып, санитариялық өткізгіш ұйымдастырылады;

3) қабылдау бөлімшесін қоса алғанда, әртүрлі бөлімшелердің персоналы арасындағы байланысты азайту мақсатында медицина қызметкерлері «таза» аймақта кесте бойынша болады; бұл ретте «таза» аймақтың үй-жайларын бекіту бөлімшелер арасында бөлінеді;

4) «лас» аймақтың бөлімшелерінде персоналға арналған үй-жай пациенттер палатасы ретінде қайта бейінделеді.

12. «Лас» аймақтар жұмыс ауысымы кезеңінде медицина қызметкерлері үшін ішкі байланыспен (рация, ішкі телефон) қамтамасыз етілуі тиіс.

13. «Лас» аймақта мобильді телефондарды, қол сағаттарын, әшекейлерді және басқа да жеке заттарды пайдалануға жол берілмейді.

14. Провизорлық және инфекциялық стационарларда белгілерді және навигациялық көрсеткіштерді визуализациялау жүйесінің болуын қамтамасыз ету қажет. Бұл ретте тану белгілерімен «таза» және «лас» аймақтар анық көрсетіледі.

15. Жұмыс ауысымы кезінде медицина қызметкерлерін тек «таза» аймақта тамақтандыруға жол беріледі.

16. Госпитальдық эпидемиолог (ол болмаған жағдайда денсаулық сақтау ұйымы басшысының бұйрығымен бекітілген жауапты адам) инфекциялық стационарда эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды және инфекциялық қауіпсіздік техникасы бойынша стационар персоналына күнделікті нұсқама жүргізуді, практикалық сабақтар өткізу арқылы эпидемияға қарсы режимнің сақталуын қамтамасыз етеді.

 

ІІ. СОVID-19-бен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуге тартылған инфекциялық және провизорлық стационарлардың жұмыс режимі:

17. COVID-19-бен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуге тартылған стационарларда карантин енгізу қажет.

18. Стационарларда 3В принципін: бейнебақылауды, желдетуді және визуалдауды іске асыру қажет.

19. Стационарларда медицина қызметкерлері мен пациенттердің режимді сақтауын бақылау мақсатында бөлімшелердің, оның ішінде қабылдау бөлімшелерінің, зертханалардың және емдеу-диагностикалық бөлімшелердің жұмысын бейнебақылау (палатадан палатаға орын ауыстыру, қашықтықтан бақылау) қамтамасыз ету қажет. Медицина қызметкерлерінің (ЖҚҚ-ны кию, қолды антисептиктермен өңдеу) және пациенттердің (палатадан палатаға орын ауыстыру) режимді сақтауын бақылау мақсатында бөлімшелердің жұмысын бейнебақылауды қамтамасыз ету қажет.

20. Әрбір ауысым басқа ауысымнан оқшаулануы тиіс. Қажет болған жағдайда, пациенттерге тар бейінді мамандардың консультация беруі және оларды жүргізуі барынша қашықтықтан ұйымдастырылады.