1. Патент құнына жеке табыс салығының (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа), әлеуметтік салықтың, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың төленуге жататын сомалары қосылады.
Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтың патент құнына қосылатын сомаларын есептеу салық салу объектісіне 2 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдану жолымен жүргізіледі. Есептелген сома:
1) есептелген соманың 1/2 бөлігі мөлшерінде - жеке табыс салығы;
2) әлеуметтік аударымдар шегеріліп, есептелген соманың 1/2 бөлігі мөлшерінде әлеуметтік салық түрінде бюджетке төленуге жатады.
Патент құнына қосылатын міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды есептеу «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» және «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі.
Әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып түскен кезде әлеуметтік салық сомасы нөлге тең болады.
2. Егер патенттің қолданылу мерзімі ішінде нақты алынған табыс сомасы есеп-қисапта көрсетілген табыс мөлшерінен асса, дара кәсіпкерлер бес жұмыс күні ішінде асқан сомаға қосымша салық есептілігі түрінде есеп-қисапты тапсыруға және осы сомадан салықтар төлеуді жүргізуге міндетті.
Егер нақты алынған табыс сомасы осы Кодекстің 429-бабының 3) тармақшасында белгіленген табыс мөлшерінен асқан жағдайда, осы тармақтың ережелері қолданылмайды.
Аталған есеп-қисаптың негізінде бұрын қалыптастырылған патенттің орнына жаңа патент қалыптастырылады.
3. Егер осы Кодекстің 431-бабының 5 және 6-тармақтарына сәйкес оның мерзімінен бұрын тоқтатылатын жағдайларын ескере отырып, патенттің қолданылу мерзімі ішінде нақты алынған табыс сомасы есеп-қисапта көрсетілген табыстың мөлшерінен аз болса, дара кәсіпкерлер патент құнының азаю сомасына қосымша салық есептілігі түрінде есеп-қисап табыс етуге құқылы.
Аталған жағдайда артық төленген салық сомаларын қайтару салық органы жүргізген хронометраждық зерттеп тексеруден кейін осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
4. Нақты алынған табыс сомасы осы Кодекстің 429-бабының 3) тармақшасында белгіленген шекті табыс сомасынан асқан жағдайда, осы Кодекстің 431-бабының 6 және 7-тармақтарында белгіленген жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе өзге де арнаулы салық режімін қолдануды бастау күнінен бастап алынған дара кәсіпкердің табысына тиісінше жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен немесе арнаулы салық режімінде белгіленген тәртіппен салық салынады.
5. Дара кәсiпкер iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған жағдайды қоспағанда, патенттiң қолданылу мерзiмi өткенге дейiн кәсiпкерлiк қызмет тоқтатылған кезде, салықтардың енгiзiлген сомасы қайтарылуға және қайта есептеуге жатпайды.»
§ 3. Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 433-бап өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
433-бап. Қолдану шарттары
Осы Кодекстің 428-бабының 3 және 4-тармақтарында көрсетілген тұлғалар болып табылмайтын және мынадай шарттарға сай келетін дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар:
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) дара кәсіпкерлер үшін:
дара кәсіпкердің өзін қоса алғанда, қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде жиырма бec адам болса;
«салық кезеңі үшін шекті табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыста болған ең төменгі жалақының 1400 еселенген мөлшерін құраса;
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) заңды тұлғалар үшін:
қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде елу адам болса;
салық кезеңі үшін шекті табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыста болған ең төменгі жалақының 2800 еселенген мөлшерін құраса, оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режімін қолданады.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 434-бап жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
434-бап. Салық кезеңі
Жартыжылдық салық кезеңі болып табылады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 435-бап жаңа редакцияда
435-бап. Қолдану тәртібі
1. Жаңадан құрылған дара кәсіпкерлерді қоспағанда, оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режімiн қолдану үшiн салық төлеушiлер орналасқан жерi бойынша салық органына қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны табыс етеді.
Қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны:
1) жаңадан құрылған (пайда болған) заңды тұлғалар заңды тұлға әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) осы бөліктің 3) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда, салық төлеушілер жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге де арнаулы салық режімінен ауысқан кезде - оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режімін қолдану айының бірінші күніне дейін;
3) патент негізінде арнаулы салық режімінен ауысқан кезде дара кәсіпкерлер:
патент негізінде арнаулы салық режімін қолдану шарттарына сәйкессіздік туындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
өзге жағдайларда - патенттің қолданылу немесе салық есептілігін тапсыруды уақытша тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін табыс етеді.
2. Оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режімiн қолдануды бастау күні:
1) жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер үшін - салық органдарында дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу күні;
2) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер үшін - әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күн;
3) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер үшін - қолданылатын салық салу режімі туралы хабарлама табыс етілген айдан кейінгі айдың бірінші күні;
4) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер үшін:
осы Кодекстің 431-бабының 4-тармағына сәйкес патенттің қолданылу мерзімі өткен күннен кейінгі күн;
осы Кодекстің 431-бабының 5-тармағына сәйкес қолданылатын салық салу режімі туралы хабарлама табыс етілген айдан кейінгі айдың бірінші күні;
осы Кодекстің 431-бабының 6-тармағына сәйкес патент негізінде арнаулы салық режімін қолдану шарттарына сәйкессіздік туындаған айдың бірінші күні болып табылады.
3. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режімінен жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге де арнаулы салық режіміне ауысу туралы шешім қабылданған жағдайда, оның ішінде салық есептілігін тапсыруды тоқтата тұру кезеңінде салық төлеушілер орналасқан жері бойынша салық органына қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны табыс етеді.
Бұл ретте:
1) қолданылатын салық салу режімі туралы хабарлама тапсырылған айдың соңғы күнi оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режімiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
2) қолданылатын салық салу режімі туралы хабарлама тапсырылған айдан кейiнгi айдың бірiншi күнi жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi немесе өзге де арнаулы салық режімін қолдануды бастау күнi болып табылады.
4. Осы Кодекстiң 433-бабында белгiленген шарттарға сай келмеген жағдайда, салық төлеушілер шарттарға сай келмеу туындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде орналасқан жері бойынша салық органына жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге салық режіміне ауысу үшін қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны табыс етуге міндетті.
Бұл ретте:
1) осы Кодекстің 433-бабында белгіленген шарттарға сәйкессіздік туындаған айға қатысты алдыңғы болып табылатын айдың соңғы күні оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режімiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
2) осы Кодекстің 433-бабында белгіленген шарттарға сәйкессіздік туындаған айдың бірiншi күнi жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi немесе өзге де арнаулы салық режімін қолдануды бастау күнi болып табылады.
5. Салық органы салық төлеушiлердiң осы Кодекстiң 433-бабында белгiленген талаптарға сай келмеу фактiсiн анықтаған кезде, осы салық төлеушiлердi жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырады.
Камералдық бақылау барысында мұндай сәйкессiздiк фактiсi анықталған жағдайда, салық органдары жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырылғанға дейiн салық төлеушiге осы Кодекстiң 607 және 608-баптарында белгiленген мерзiмдерде және тәртiппен камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жiбередi.
Бұл ретте:
1) осы Кодекстің 433-бабында белгіленген шарттарға сәйкессіздік туындаған айға қатысты алдыңғы болап табылатын айдың соңғы күні оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режімiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
2) осы Кодекстің 433-бабында белгіленген шарттарға сәйкессіздік туындаған айдың бірiншi күнi жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi қолдануды бастау күнi болып табылады.
436-бап. Салықтарды оңайлатылған декларация бойынша есептеу
1. Салықтарды оңайлатылған декларация негізінде есептеуді салық төлеуші салық салу объектісіне есепті салық кезеңінде 3 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдану арқылы дербес жүргізеді.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
2. Егер есепті кезеңнің қорытындылары бойынша қызметкерлердің орташа айлық жалақысы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және салық кезеңiнiң бірiншi күнi қолданыста болған ең төмен жалақының, дара кәсіпкерлерде кемінде 2 еселенген, заңды тұлғаларда кемінде 2,5 еселенген мөлшерін құраса, осы баптың 1-тармағына сәйкес салық кезеңі ішінде есептелген салық сомасы қызметкерлердің орташа тізімдік санын негізге ала отырып, әрбір қызметкер үшін салық сомасының 1,5 пайызы мөлшеріндегі сомаға азайтылу жағына қарай түзетілуге жатады.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы Кодекстің 435-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген жағдайлар туындаған кезде, салық төлеушінің жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе өзге де арнаулы салық режімін қолдануды бастаған күнінен бастап алынған табысы тиісінше жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен немесе өзге де арнаулы салық режімінде белгіленген тәртіппен салық салуға жатады.
4. 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
437-бап. Оңайлатылған декларацияны табыс ету және салықтарды төлеу мерзімдері
1. Оңайлатылған декларация салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей табыс етіледі.
2. Оңайлатылған декларация бойынша есептелген салықтарды бюджетке төлеу жеке (корпорациялық) табыс салығы мен әлеуметтік салық түрінде есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей жүргізіледі.
Бұл ретте жеке (корпорациялық) табыс салығы - оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 мөлшерінде, әлеуметтік салық Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген әлеуметтік аударымдар сомасын алып тастағаннан кейінгі оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 бөлігі мөлшерінде төленуге жатады.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып түскен кезде, әлеуметтік салық сомасы нөлге тең болады.
3. Оңайлатылған декларацияда төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың есептелген сомалары көрсетіледі.
438-бап. Жекелеген салық түрлерін, әлеуметтік аударымдарды және міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу ерекшеліктері
Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы, әлеуметтік аударымдар сомаларын төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей жүргізіледі.
62-тарау. ШАРУА НЕМЕСЕ ФЕРМЕР ҚОЖАЛЫҚТАРЫ ҮШІН АРНАУЛЫ САЛЫҚ РЕЖИМІ
439-бап. Жалпы ережелер
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Шаруа немесе фермер қожалықтары мынадай салық салу режімдерінің бірін дербес таңдауға құқылы:
1) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімі;
2) шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімі;
3) жалпыға бірдей белгіленген тәртіп;
2015.29.10. № 373-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4) ауыл шаруашылығы өнiмiн, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндiрушiлер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимі.
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Шаруа немесе фермер қожалықтары, бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келген кезде:
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқықтарындағы (кейінгі жер пайдалану құқығын қоса алғанда) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің жиынтық алаңы мыналар үшін:
1-аумақтық аймақ - 5 000 га;
2-аумақтық аймақ - 3 500 га;
3-аумақтық аймақ - 1 500 га;
4-аумақтық аймақ - 500 га болып белгіленген жер учаскесінің шекті алаңынан аспайды.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін жер учаскелерін мынадай аймаққа бөлу қолданылады:
1-аумақтық аймақ: Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының, Алматы қаласының топырақ-климаттық аймақтарындағы шөлді, жартылай шөлді және тау бөктеріндегі шөлді-далалық жерде орналасқан жайылымдар;
2-аумақтық аймақ: Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының, Астана қаласының жері;
3-аумақтық аймақ: 1-аумақтық аймақтың жерiн қоспағанда, суармалы жерді қоса алғанда Атырау, Маңғыстау облыстарының жері;
4-аумақтық аймақ: 1-аумақтық аймақтың жерін қоспағанда, суармалы жерді қоса алғанда Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының, Алматы қаласының жері.
Шаруа немесе фермер қожалығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері әртүрлі аумақтық аймақтарда болған жағдайда, осы тармақтың мақсаттары үшін мұндай учаскелердің жиынтық алаңы осындай аумақтық аймақтарға белгіленген жер учаскесінің неғұрлым шекті алаңынан аспауға тиіс.
Бұл ретте әрбір аумақтық аймақтағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің алаңы мұндай аймақ үшін осы тармақта белгіленген жер учаскесінің шекті алаңының мөлшерлерінен аспауға тиіс;
2) осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет түрлерін ғана жүзеге асырса;
3) қосылған құн салығының төлеушілері болып табылмаса, шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.21.01. № 242-IV Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі бірыңғай жер салығын төлеу негізінде бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібін көздейді және акцизделетін тауарларды өндіру, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін қайта өңдеу және оны өткізу жөніндегі шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметіне қолданылады.
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының аумағында жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқығындағы (кейінгі жер пайдалану құқығын қоса алғанда) жер учаскелері болған кезде шаруа немесе фермер қожалықтарына арнаулы салық режимін қолдану құқығы беріледі.
Күнтізбелік жыл бірыңғай жер салығы бойынша салық кезеңі болып табылады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 441-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 441-бап өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 441-бап жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
441-бап. Қолдану тәртібі
1. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімін қолдану үшiн жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге де арнаулы салық режімінен ауысқан кезде дара кәсіпкер жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына қолданылатын салық салу режімі туралы хабарлама табыс етеді.
Жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімін таңдауды осы Кодекстің 426-бабының 3-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес жүзеге асырады.
Бұл ретте:
жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер үшін - дара кәсіпкерді салық органдарында мемлекеттік тіркеу күні;
салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібінен немесе өзге де арнаулы салық режімінен ауысқан кезде дара кәсіпкерлер үшін - қолданылатын салық салу режімі туралы хабарлама табыс етілген айдан кейінгі айдың бірінші күні аталған арнаулы салық режімін қолдануды бастау күні болып табылады.
2. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге де арнаулы салық режіміне ауысу туралы шешім қабылдаған кезде дара кәсіпкерлер қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны табыс етуге мiндетті.
Бұл ретте:
1) қолданылатын салық салу режімі туралы хабарлама табыс етілген айдың соңғы күнi шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімін қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
2) қолданылатын салық салу режімі туралы хабарлама табыс етілген айдан кейiнгi айдың бірінші күні жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi немесе өзге де арнаулы салық режімiн қолдануды бастау күнi болып табылады.
3. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімiн қолдануға мүмкiндiк бермейтiн шарттар туындаған жағдайларда дара кәсіпкерлер сәйкессiздiк шарттары туындаған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде салық органына қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны табыс етеді және жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке немесе өзге де арнаулы салық режімiне ауысады.
Бұл ретте:
1) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айдың алдындағы айдың соңғы күнi шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімін қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
2) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айдың бірінші күні жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi немесе өзге де арнаулы салық режімiн қолдануды бастау күнi болып табылады.
4. Салық органы дара кәсіпкерлердің осы Кодекстiң 439-бабында белгiленген шарттарға сәйкессіздік фактiсiн анықтаған кезде, осы салық төлеушiлердi жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырады.
Камералдық бақылау барысында мұндай сәйкессiздiк фактiсiн анықтаған жағдайда, салық органдары жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырылғанға дейiн салық төлеушiге осы Кодекстiң 607 және 608-баптарында белгiленген мерзiмдерде және тәртiппен камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жiбередi.
Бұл ретте:
1) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айдың алдындағы айдың соңғы күнi шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімін қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
2) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айдың бірінші күні жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi қолдануды бастау күнi болып табылады.
442-бап. Арнаулы салық режимін қолдану ерекшеліктері
1. Бірыңғай жер салығын төлеушілер салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің мынадай түрлерін:
2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) осы арнаулы салық режимi қолданылатын шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметiнен түскен табыстардан, оның ішінде қызметпен байланысты шығындарды (шығыстарды) жабуға мемлекеттік бюджет қаражатынан алынған сомалар түріндегі табыстардан алынатын жеке табыс салығын;
2) 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақыларды;
3) осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша жер салығын және (немесе) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны;
4) осы Кодекстің 365-бабы 3-тармағының 1), 2) тармақшаларында аталған салық салу объектілері бойынша көлік құралдары салығын;
5) осы Кодекстің 394-бабы 4-тармағының 1) тармақшасында аталған салық салу объектілері бойынша мүлік салығын төлеушілер болып табылмайды.
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың 1-тармағында аталмаған салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу, төлеу және олар бойынша салық есептілігін табыс ету жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
3. 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Осы Кодекстің 441-бабының 3 және 4-тармақтарында көрсетілген жағдайлар туындаған кезде салық төлеушінің жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi немесе өзге де арнаулы салық режімiн қолдануды бастаған күнінен бастап алынған табысы тиісінше жалпыға бірдей белгiленген тәртiппен немесе өзге де арнаулы салық режімiнде белгіленген тәртіппен салық салуға жатады.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 443-бап жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
443-бап. Салық салу объектісі
Жер ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган берген жер учаскелерінің бағалау құнын айқындау актісі негізінде белгіленген жер учаскесінің бағалау құны бірыңғай жер салығын есептеу үшін салық салу объектіcі болып табылады.
Жер ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган берген жер учаскелерінің бағалау құнын айқындау актісі болмаған кезде жер учаскесінің бағалау құны жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген деректер бойынша аудан, қала бойынша орташа жердің 1 гектарының бағалау құны және жер учаскесі алаңы негізге алына отырып, айқындалады.
444-бап. Бірыңғай жер салығын есептеу тәртібі
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Егістік бойынша бірыңғай жер салығын есептеу жер учаскелерінің жиынтық бағалау құнына жер учаскелерінің жиынтық ауданын негізге ала отырып, мынадай мөлшерлемелерді қолдану жолымен жүргізіледі: